16 сәуір 2015 18:23

Қазақстанда кәсіпкерлер арасында қолма-қол төлем жасауға шектеу қойылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Pantex.ch @Pantex.ch

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер арасындағы қолма-қол төлем жасау кезінде алмасу сомасы 1000 АЕК (1 982 000 теңге) көлемінен асатын жағдайларға шектеу қою қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жеке кәсіпкерлер арасындағы қолма-қол төлем жасау кезінде алмасу сомасы 1000 АЕК (1 982 000 теңге) көлемінен асатын жағдайларға шектеу қою қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті директоры Руслан Мұсаевтың айтуынша, салық төлеу арқылы жасалатын сауданы көбейту үшін мемлекеттік деңгейде бірнеше шешім қабылдануы керек.

"Кәсіпкерлер арасында қолма-қолсыз төлем жасау көлемін 1000 АЕК дейін шектеу қарастырылып жатыр", - деді Мұсаев.

Оның айтуынша, дедолларизация бойынша әзірленіп жатқан заң жобасы аясында мемлекеттік тіркеуді қажет ететін жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді айырбастауға да шектеу қою қарастырылып отыр.

"Төлем карталарын қолдану мен сауда-саттық қызметінде субъектілердің салық төлеу қызметін азайту қолма-қолсыз төлем жүйесін дамытуға үлкен серпін береді. Коммуналдық төлем нарығын дамыту үшін төлем жүйесі мен банктің ақпараттық есеп орталығын ашу керек", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети