22 мамыр 2015 16:27

Қазақстанда көкөніс пен жеміс-жидектің кей түрі 46 пайызға дейін қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда көкөніс пен жеміс-жидектің кей түрі 46 пайызға дейін қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бағаның мұншалықты шарықтауы мамандардың 12-19 мамыр аралығында негізгі азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі барасында анықталды.

Мониторинг нәтижесі бойынша, Павлодарда лимон бағасы 46 пайызға көтерілген. Бұрын әр келісі 370-тен сатылған өнім қазір 540 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада лимон 10 пайызға қымбаттап, баға 487-ден 535 теңгеге өзгерді.

"Сонымен қатар, Павлодарда сәбіз 19 пайызға қымбаттады. Қазір 1 келі сәбіздің бағасы 105 емес 125 теңге. Сәбіз Шымкентте де қымбаттады, бағасы 13 пайызға көтерілген көкөністің бұл түрінің әр келісі қазір бұрынғыдай 80 емес 90 теңгеден сатылып жатыр", - делінген хабарламада.

Мамандар бағаның көтерілуін өнім қорының азаюымен және өнімді сақтауға кететін шығындардың артуымен байланыстырып отыр. Айта кетейік, баға өсімі еліміздің оңтүстігінде де байқалды. Мысалы, Алматыда қызылша 14 пайызға қымбаттап, баға 145-тен 166 теңгеге көтерілді, ал Таразда 10 пайызға қымбаттап, 100-ден 110 теңгеге өзгерді. Сонымен қатар, Таразда мандариндердің бағасы 270-тен 297 теңгеге көтерілді. Өнімнің қымбаттауына көтерме сауда бағаларының артуы себеп болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети