09 қыркүйек 2015 11:48

Қазақстанда мұнай неліктен арзандап, бензин қымбаттап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Астанада өткен брифинг барысында мұнай бағасының төмендеуінің бензинге қалай әсер етіп жатқанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Астанада өткен брифинг барысында мұнай бағасының төмендеуінің бензинге қалай әсер етіп жатқанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баға төмендеуінің біздің ішкі нарықтағы мұнайға әсері және оның мұнай өнімдерінің бағасына ықпал етуіне қатысты айтатын болсақ, логикалық түрде егер мұнайдың бағасы түссе, біз мұнай өнімдерінің бағасын да түсіруіміз керек сияқты. Негізінен бұл жердегі әңгіме бензин мен дизель отынына қатысты, олардың да бағасын төмендетуіміз керек сияқты көрінеді. Бірақ бұл жердегі жағдай басқаша. Біз мұнай өнімдерінің өзімізге қажетті көлемінің үштен бір бөлігін Ресейден аламыз. Ресейде де біздің трейдерлер, олар Қазақстанға әкеліп сатады, олар пистолеттен емес, зауыттардан, жеке құрылымдардан келісімшарт бойынша сатып алады. Бағаны нарықтық жағдайға сәйкес сатушылар белгілейді", - деді Қарабалин тілшілердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, бұрынғы баға ешкімге де пайда әкелмейтін еді.

"Егер олардың орнында болып, есептеп көретін болсақ, мысалы, Ресейде сатып алу 550 доллар, сауда доллармен жасалады, осындай бағаға мұнай өнімдерін сатып алып, ондай ақшаға оны тасымалдап, салық төлеп, (...) жанармай құю бекеттеріндегі қызметкерлерге еңбекақы беріп, тағы да басқаларын есептейтін болсақ, баға өседі - ол бізде болған 108 теңгеден жоғары. Егер біз сол бағаны әлі ұстап тұрсақ, ол ешкімге де тиімді болмайтын еді - Ресейден Қазақстанның кез келген жеріне тасымалдау. Бүгінгі таңда - Қырғызстандағы баға - 160 теңге. Қазір біздегі баға Ресейдегі бағамен теңесті. Бұл шара дұрыс қабылданды", - деді ол.

"Бізде қыркүйек айында мұнай өнімдерін әкеле алмаймыз ба деген қауіп болды. Бірақ бүгінгі таңда ол шараның бірден әсер еткенін көріп отырмыз. Бізде келісімшарттар бар, трейдерлер бірден келісімшарт жасасты. Бірінен бастап 22 мың тонна бензин әкелінді, тағы 11 мыңы жолда, 80 мыңға келісімшарт жасалды. Біз тағы 30 мың тонна алуды ойлап отырмыз. Осылайша, ішкі нарыққа қыркүйек айында шамамен 110 мың тонна әкелінеді", - деді Қарабалин.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартқаны белгілі болды. ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети