30 сәуір 2015 11:05

Қазақстанда Ресейден құс өнімін әкелуге уақытша шектеу қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда Ресейден құс өнімін әкелуге уақытша шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шарушалығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда Ресейден құс өнімін әкелуге уақытша шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шарушалығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының Астрахан облысында құс тұмауының (H5N1) таралуына байланысты 2015 жылы 28 сәуірден бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Астрахан облысынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамық түбіт және қауырсынды, құс еті мен термиялық өндеуден өтпеген (30 минут бойы 700 градустан кем емес) барлық құс өнімдерін, құстарға арналған азық пен азықтық қоспаларды және бұрын қолданыста болған құстарды асырауға, союға және бөлшектеуге қолданылған құрал-жабдықтарды кіргізуге уақытша шектеулер енгізді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Ресейде өндірілген құс етінің 5 тоннасының саудадан алып тасталғаны хабарланған болатын. 2015 жылы 2 наурыздан бастап ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері тамақ өнімдерінің 823 сынамасын іріктеп алған. Зертханалық зерттеулер нәтижелерінен кейін 231 сынаманың техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні расталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети