02 мамыр 2017 17:14

Қазақстанда соңғы төрт айда баға қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда инфляция деңгейі 2017 жылдың 4 айында 2,7 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстанда инфляция деңгейі 2017 жылдың 4 айында 2,7 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Баға азық-түлік тауарларына а төрт айда (2017 жыл сәуір - 2016 жыл желтоқсан) 3,8 пайызға, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге 2,1 пайызға өскен.

Сондай-ақ, комитеттің мәліметінше, бағаның өсуі картопқа 35,5 пайызға, жаңадан жиналған көкөністерге - 18,8 пайызға, қой етіне - 8,8 пайызға, сиір етіне - 7,3 пайызға, сары майға - 5,4 пайызға, жаңадан жиналған жемістерге, консервіленген сүтке - 4,3 пайызға, жылқы етіне, кондитерлік өнімдерге - 3,6 пайыздан, мәйекті ірімшікке - 3,3 пайызға белгіленді.

Ал бағаның төмендеуі жұмыртқаға 11,3 пайызға, қантқа - 5,9 пайызға, қарақұмық жармасына - 5,7 пайызға, күнбағыс майына - 4,4 пайызға тіркелген.

Баға өсімі автомобильдерге 3,7 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнімдерге -  2,8 пайыза, тоқыма бұйымдарына, фармацевтикалық өнімдерге - 2,3 пайызға, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына, жиһаз және үйге қажетті заттарға 1,9 пайыздан, жуғыш және тазалағыш құралдарға 1,8 пайызға, тұрмыстық аспаптарға 1,4 пайызды құрады. Баллондағы сұйытылған газ 5,8 пайызға, бензин 5,5 пайызға, дизель отыны 2,2 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7 пайызға, көлiк құралдарын сақтандыру 6,8 пайызға, денсаулық сақтау - 3,8 пайызға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы 1,6 пайызға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,6 пайыз, ал ішкі қалааралық 2,7 пайызға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен - 2,8 пайызға, темір жол 1,9 пайызға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8 пайызға, орталықтан жылытуға 5,2 пайызға, ыстық суға 5,1 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 4,2 пайызға, электр энергиясына 2,4 пайыз, суық суға 2,2 пайызға жоғарылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети