14 қаңтар 2020 10:07

Қазақстанда сүт және қаймақ өндірісі 7 пайызға өскен

Көрнекі сурет © unsplash.com Көрнекі сурет © unsplash.com

2019 жылдың қорытындысы бойынша, 2018 жылмен салыстырғанда Қазақстанда сүт бағасы 6,8 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Еnergyprom.kz


2019 жылдың қорытындысы бойынша, 2018 жылмен салыстырғанда Қазақстанда сүт бағасы 6,8 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Еnergyprom.kz

Салыстырмалы түрде: тиісті кезеңде инфляцияның жалпы деңгейі 5,3 пайыз болса, азық-түлік өнімдері бір жылда 8,2 пайызға, ал азық-түлік тауарлары 8,1 пайыз болған.

2019 жылдың желтоқсанындағы қорытынды бойынша, Қазақстан қалаларында шикі сүт орта есеппен 222 теңге болса, 2018 жылы 211 теңге, ал пастерленген сүт былтыр 251 теңге, 2018 жылы 228 теңге болған. 

Жалпы Қазақстанда сүт өндірісі өскен. 11 айдың есебі бойынша, былтыр сүт пен қаймақ өнімдері 509,3 мың тонна, ал 2018 жылы 476,3 мың тонна өндірілген. Оның 30 пайызы Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген. Сонымен қатар, сүт өндірісінен Алматы, Ақмола және Қостанай облысы басым шыққан. Аталған төрт облыста бұл сектордағы өнімдердің төрттен үш бөлігіне тең. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети