Қазақстанда тауық етінің қымбаттауына не себеп?

24 Қараша 2018, 13:02
0
Қазақстанда тауық етінің қымбаттауына не себеп? - © Ярослав Радловский
© Ярослав Радловский

Елімізде тауық еті қымбаттады, - деп хабарлады КТК.

Бұл Ресейден құс етін тасымалдауға салынған тыйымның салдары ма, әлде ым-жымдары бір өндірушілердің пайдаға қарық болу үшін барған қадамы ма? Сарапшылардың пікірі екінші айтқанға саяды.

Өткен апта ғана бір келісі 1100 теңге тұрған тауық еті бірер күн бұрын 1700 теңгеге бір-ақ шарықтады. Құс өнімінің сиыр, жылқы етімен теңесуі ешқандай қисынға келмейді. Тіпті, кейбір сауда орындарында тауық етін мүлдем таппайсыз. Құс өндірушілер одағының айтуынша, кәсіпкерлерге мемлекеттен дұрыс субсидия бөлінбеу осындай салдарға әкеліп соққан.

Мәселен, тауықтың әр келісіне 80 теңгеден субсидия қарастырылу керек екен. Барлық өндірушілер ондай қолдау көрмегеннен кейін, шығынға батпас үшін бағаны көтерулеріне тура келеді дейді-құс өндірушілер одағы.

"Олар субсидия алып жатқан жоқ. Сондықтан, бағаны көтеруге құқықтары бар. Өйткені, ешкімнің шығындалғысы келмейді. Кейбір аймақтарға жүз, ал кейбір жаққа 30 пайыз ғана субсидия бөледі. Мұндай жағдайда бәсекелестік қайдан болсын? Құс фабрикаларының күйі қазір мүшкіл. Көбі өндірістерін сатуға қойған", - деді Қазақстан Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.

Нарықтағы бағаның құбылуына Ресей мен Беларусь тауықтарының сатылымнан алып жатқаны да тікелей түрткі. Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті көрші елдің өнімдері гигиеналық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Құс етінен сальмонелла табылған. Қазір осы жайт бойынша егжей-тегжейлі тексеріс жүріп жатыр.

Дереккөз: КТК.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай