20 сәуір 2016 12:29

Қазақстанда темекі өндірісі қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2016 жылдың алғашқы ширегінде темекі өндірісі 4 пайызға қысқарып, 3,6-дан 3,4 миллиардқа дейін азайды, - деп хабарлайды Energyprom.kz. Дегенмен өндірістен түсетін табыс 24,3 пайызға - 12 миллиард теңгеге дейін өскен.

Табыс мөлшерінің артуына еліміздегі ірі қалаларда темекінің қымбаттауы себеп болуы мүмкін. Қазақстан бойынша темекінің ең жоғарғы бағасы Астанада тіркелсе (қорабы 331 теңге), ең арзаны Семейде (қорабы 269 теңге) болып шықты. Биыл қаңтар айында темекі өндірушілер сұраныстың 71 пайызын орындай алған. Ал 2010-2015 жылдары темекі нарығында қазақстандық өндірушілердің үлесі 56-73 пайыз аралығында өзгеріп тұрған.

Қазақстандағы темекі өндірушілердің негізгі үлесі Алматы облысына тиесілі. Бұл аймақта екі ірі кәсіпорын бар: Өтеген батыр ауылындағы - Philip Morris Kazakhstan және Байсерке ауылындағы - JTI Kazakhstan. Олар Қазақстандағы салық төлеушілердің үздік отыздығына кіреді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети