19 қараша 2015 14:07

Қазақстандық депутат Ресей тәжірибесі бойынша біржылдық бюджетке көшуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан республикалық бюджетті бір жылға жоспарлауға ауыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді бүгін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент Сенатында 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымы кезінде айтты.

Сенатор Қуаныш Айтаханов экономикалық қиын кезеңде ұзақ жылға жоспар құрудың қажеттілігі туралы сұрақ қойды.

"Алда не болатыны белгісіз қиын кезеңде үш жылдық бюджетті жоспарлаудың қажеттілігі бар ма? Бұрын бір жылға ғана жоспар құрылатын. Экономикалық жағдайдың қандай болатынын білмейміз. 2018 жылға дейін жоспар құрып тастадық. Мұндай ұзақмерзімді жоспар құрудың қажеттілігі бар ма?", - деп сұрады Айтаханов.

Оның сұрағына министр мұндай қажеттіліктің жоқ екенін айтып жауап берді. "Біздің экономикамыз айтарлықтай дамыған. Инвестицилық болжамдарымыз да бар. Сондықтан да қазіргі саясатқа қолдау білдірулеріңізді сұраймыз. Егер экономикалық қиындықтар туындап жатса, біз сіздерге қайта жүгінеміз. Қазір бізде бәрі тұрақты. Резерв бар, қиындықтар жоқ. Біз Ресей Федерациясы сияқты біржылдық бюджетке көшуді жоспарлап отырған жоқпыз", - деді Досаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети