04 мамыр 2014 | 16:48

Қазақстандық кәсіпкерлерге "қашықтан бақылау" жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

Қазақстанның тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі санитарлық-эпидемиологиялық тексерістерді азайтып, кәсіпкерлердің жауапкершілігін барынша арттыру арқылы "қашықтан бақылау" жүйесін енгізуді көздеп отыр. ТМД аумағында ондай жүйені әлі бірде-бір мемлекет сынап көрмеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі санитарлық-эпидемиологиялық тексерістерді азайтып, кәсіпкерлердің жауапкершілігін барынша арттыру арқылы "қашықтан бақылау" жүйесін енгізуді көздеп отыр. ТМД аумағында ондай жүйені әлі бірде-бір мемлекет сынап көрмеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Агенттік төрағасы Болатбек Қуандықовтың айтуынша, қазіргі санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау жүйесі жоспар бойынша жүргізілетін тексерістерге негізделген. Ондай жүйе кәсіпкерлік нысандардың нақты жағдайын көрсетіп отырған жоқ. Себебі ол сала жемқорлыққа белшесінен батып кеткен. "Енді, қараңыз, бүгінде жоспарлы тексерістердің саны 34 пайызға, ал жоспарсыз тексерістер үш есеге азайды. Соған қарамастан, сыбайлас жымқорлық оқиғалары азайған жоқ. Ал оның барлығы баяғы жоспарлы тексерістер мен санитарлық-эпидемилогиялық қорытынды жасау шараларынан басталады. Осыған байланысты агенттік жоспарлы тексерістерді алып тастап, бірте-бірте қауіп-қатерлерді бағалау жүйесіне көшуді көздеп отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарды сақтандыру, бизнесмендердің жауапкершілігін барынша арттыру тексерістердің баламасы ретінде қарастырылуда. Бұл - мүлдем жаңаша жүйе. Оны ТМД аумағында әлі ешкім сынап көрмеген. Ресейдің өзінде ондай жүйе жоқ. Олар да бәрін тексеріспен шешіп жүр. Біз болсақ, одан бас тартып, кәсіпкерлерді қашықтан бақылауды жоспарлап отырмыз", - деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Б.Қуандықов.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта санитарлық-эпидемилогиялық тексерістің қорытындысы сияқты рұқсат құжаттарын барынша азайту қарастырылған. Қазіргі кезде ол құжат жерді беру, жобаны даярлау, құрылысты қабылдау және оны пайдалануға беру кезінде төрт рет беріледі. "Сонда бір нысанды салу үшін кәсіпкер санитарлық-эпидемиологиялық қызметке төрт рет келіп, рұқсат алуы тиіс. Біздіңше, ол тым артық. Бизнесмен шағын дүкен, мейрамхана, я болмаса, дәмхана салса, оған санитарлық-эпидемилогиялық қорытынды берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол үшін тиісті стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелері, тіпті мемлекеттік қадағалау қызметі бар емес пе? Шынын айтқанда, қазіргі санитарлық-эпидемилогиялық талаптар сол құрылыс нормалары мен ережелерін қайталап жатады. Одан келер пайда жоқ, керісінше, біз қосымша кедергілер қойып отырмыз", - дейді Б.Қуандықов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети