18 желтоқсан 2015 21:52

Қазақстандық теңге құнсызданған валюталардың рейтингінде бірінші тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теңге құнсызданған валюталардың рейтингінде бірінші тұр, белорус рублі және украин гривнасы Еуропа мен ТМД-ның 2015 жылдың қорытындысы бойынша құнсызданған валюталардың рейтингінде екінші және үшінші орынды алып отыр. Мұндай мәлімет Украинадағы Forex Club ақпараттық-сараптамалық орталығының жыл сайынғы зерттеуінде келтіріледі, - деп хабарлайды Корреспондент.net.

Биыл, сарапшылардың есебі бойынша, теңге 85,2 пайызға дейін девальвацияға ұшырады, белорус рублі 54,3 пайызға және украин гривнасы 48,7 пайызға. 

Forex Club сарапшылары Қазақстан экономикасына қытай юані мен Brent маркалы мұнайының 2015 жылдың басынан бері 33 пайызға арзандағаны әсер етті дегенді айтады. Айтуларынша, сол себепті Қазақстан Ұлттық банкі тамызда еркін ауытқу бағамына өтуге мәжбүр болды. 

© Украинадағы Forex Club

Тізімде 2015 жылы ТМД елдерінің валюталарының нығаймағанын көруге болады. Ал еуропалық валюталардың ішінде девальвацияға норвег кронасы ұшыраған - 15,8 пайыз. Бұл жағдай әлем нарығындағы мұнай мен газдың арзандауынан болған.   

Еске салайық, теңге бағамы соңғы бірнеше күнде тарихи антирекордтарды жаңартып жатыр. 18 желтоқсан күнгі кешкі жағдай бойынша, бір доллар Алматы мен Астанада орташа 350 теңге тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети