Қазақстандықтар девальвация болған жағдайда өздерін жанармай бағасының көтерілуінен сақтандыруы мүмкін

17 Қыркүйек 2014, 18:44
0
Қазақстандықтар девальвация болған жағдайда өздерін жанармай бағасының көтерілуінен сақтандыруы мүмкін - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қазақстандықтардың арасында өмірін, мүлкін сақтандырушылардың қатары күннен күнге көбейіп келеді. Алайда кейде сақтандыруға қатысты таңғаларлық жағдайлар да кездеседі. Айталық Қазақстанда 6 қыркүйекте Астана қаласында гольфтан өткен турнир кезінде алғашқы доптың қуысқа түсу қаупінен сақтандырылған болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Kompetenz компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Гольф турнирін ұйымдастырушылар алғашқы ұрылған доптың қуысқа түсу қаупінен сақтандырған болатын. Яғни, доп қуысқа түскен жағдайда қатысушылар автокөлік алады. Ал біздің компания қатысушыға оның құнын төлеп береді", - дейді компания төрағасы Талғат Үсенов. 

Үсеновтың айтуынша, қазіргі таңда небір қызық дүниелерді сақтандырудың түрлері кездеседі. "Алайда Батыспен салыстырғанда біздің елімізде стандарқа келе бермейтін дүниелер аса жиі сақтандырыла бермейді. Батыста сақтандырушылар 3000-нан астам дүние-мүлік түрлерін сақтандырады. Олардың арасында қиялға сыймайтындары да бар. Мысалы, олар өздерін өзге планеталықтардың ұрлап кетуінен сақтандырады немесе елде болуы мүмкін  "құрғақшылық заңынан", лотореядан ұтылып қалудан сақтандырады", - дейді ол.

Компаниядағылар жақында қазақстандықтар өздерін елімізде девальвация болған жағдайда жанар-жағармайдың қымбаттауынан немесе лифтіде, метрода қалып қалудан сақтандыруы мүмкін деп болжам жасап отыр.  

Қазіргі таңда Қазақстанда адамдар өз өмірлерін және сирек кездесетін жан-жануарларды жиі сақтандыратын көрінеді. Компания қызметкерлерінің айтуына қарағанда, жақында Алматы хайуанаттар бағындағы пілдің өмірі сақтандырылыпты. Сондай-ақ елімізде Aston Martin, Rolls-Royce Phantom және Bentley Continental секілді сирек кездесетін автокөліктер сақтандырылады екен. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай