Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандықтар желтоқсан айында банктерге рекордтық деңгейде депозит құйды

09 Ақпан 2016, 13:03
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2015 жылы теңгемен сақталған депозиттер мөлшері рекордтық деңгейге жетті, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Былтыр қаңтар мен желтоқсан аралығында жекеменшік және заңды тұлғалар салымдарын 23,4 триллион теңгеге толтырған.

Сарапшылардың мәліметінше, 2015 жылдың желтоқсанында банк клиенттерінің салымдары бірден 3,5 триллион теңгеге толтырылыпты, бұл Қазақстанда бір ай ішінде салынған депозит мөлшерінің рекордтық көрсеткіші болып отыр. "Негізгі салымды екінші деңгейлі банк клиенттері толтырды. Олардың үлесінде 2015 жылы салынған депозиттің 20,9 триллион теңгесі, яғни 88 пайызы бар", - деді сарапшылар.

Сонымен қатар, мамандар заңды және жекеменшік тұлғалардың ұлттық валютада сақтаған депозиттері арақатынасы көрсеткішінің төмендеуі девальвацияның жоғары деңгейде күтілуінен деп отыр.

"Девальвацияның күтілуіне қарамастан, өткен жылы заңды және жекеменшік тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары айтарлықтай өсті, - деді сараптама орталығының мамандары. - Жылдың бірінші жартысында теңгемен және басқа валютамен салынған депозит мөлшерінің айырмасы 1 триллион теңгеден аспаса, жыл соңына дейін бұл айырмашылық 1,2-1,7 триллон теңгеге дейін өсті".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай