09 сәуір 2014 20:04

Қазақстандықтар құс еті импортына тәуелді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстандықтар шетелден келетін құс етіне тәуелді болып отыр деп жазады "Алаш айнасы". Басылымның мәліметінше, 2012-2013 жылдар аралығында еліміз құс етінің 70-80%-ға жуығын импорттаған. Ал елде құс етін тұтыну деңгейі 49%-ға жетті. Сол себепті сарапшылар елде құс шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету керек деген ұсыныс айтып отыр.


Қазақстандықтар шетелден келетін құс етіне тәуелді болып отыр деп жазады "Алаш айнасы". Басылымның мәліметінше, 2012-2013 жылдар аралығында еліміз құс етінің 70-80%-ға жуығын импорттаған. Ал елде құс етін тұтыну деңгейі 49%-ға жетті. Сол себепті сарапшылар елде құс шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету керек деген ұсыныс айтып отыр.

"Құс шаруашылығы нарықтың тоқпағына айтарлықтай ұшырады. Ол кездері осы саланың қадамын алға бастырамыз деген кәсіпкерлеріміз, керісінше, қолындағы құстарына жем-шөп тауып бере алмай, тығырыққа тірелді. Ал қазір осы саланың жай-жапсарын түсініп жатқан кәсіпкерлеріміз шет елден тауықтардың тұқымын алып келіп жатыр. (...) Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі құс шаруашылығымен айналысатындарға субсидия, дотация беру жағына көңіл бөлуі керек. Олай етпесек, бұл сала бізде үнемі қалтарыста қалып қойып жатады. Есеп-қисап өз алдына, бізге нақты нәтижеге қол жеткізетін кезең әлдеқашан жеткен", - дейді экономист Жұмаділда Баяхметов.

Халықаралық азық-түлік институтының мәліметінше, Қазақстан мен Қырғызстан - әлемдегі құс етін молынан тұтынатын елдердің қатарында. Сала мамандары соңғы үш жылда, әсіресе, қазақ елінің құс етіне тәбеті артып кеткенін алға тартып отыр. 

Басылымның хабарлауынша, шеттен келетін құс етінің санитарлық талаптарға сай болмай жататын жағдайлары көп. "Негізінен, құс және құс өнімдерінің елге енуіне қатысты тексеріс барысында Ресей мен Украинадан әкелінетін құс өнімдерінен көп мөлшерде бактериялар табылған. Сонымен бірге, тексеру сынамаларында ішек таяқшасы топтары бактерияларының және күшәла мен қорғасынның шамадан тыс мөлшерде болатыны анықталған", - деп жазады "Алаш айнасы".

"Жылқының етін жеп, қымызын ішіп өсіп өркендеген қазақ баласының құс етіне тәбеті артып кеткені бізді алаңдатуы тиіс. Еліміздің ішкі нарығын сапасыз құс еті жаулап алғанын, өнімдердің талапқа сай еместігін ескеруміз қажет. Егер елімізде өндірілет ет және ет өнімдері ірі мөлшерде сыртқа экспорттала беретін болса, біз, шынымен де, тауық сирағына тәуелді бола береміз. Мысалы, деректерге жүгінсек, өткен бір жылдың ішінде елдегі құс, қой мен ешкі, ірі қара мен шошқа, сондай-ақ түйе саны да өсудің орынан кері кетіп, кеміген: құс – 2013 жылы 37 785,2 (2012 жылғы көрсеткіш – 38 390,3 мың бас); қой мен ешкі – 19 911 мың бас (2012 жылы – 23 553 мың бас); ірі қара – 6971,7 мың бас (2012 жылы – 6977,4 мың бас). (...) Біз Парагвайдан, Бельгиядан, Австриядан ет сұрап отырмыз. 2015 жылы Ресейге ет экспорттау көлемі 60 мың тоннаға жеткізілмек. Ал бұл қазақтың тағы да құс етіне тәуелді бола түсетінін аңғартады", - дейді мәселеге қатысты өз ойын білдірген биолог ғалым Жандос Айтбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети