24 наурыз 2017 10:29

Қазақстандықтардың шығыны көбейген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Моя мечта © Моя мечта

Қазақстанда 2017 жылғы ақпанда бөлшек сауда көлемі 567,8 миллиардқа жеткен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға жоғары, ал қаңтар айымен салыстырғанда 1,9 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтының зерттеулеріне сілтеме жасап. 

Бір ай ішінде ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысында байқалған, онда 14,7 пайызға, яғни 19,7 миллиард теңгеге өскен, ал Қызылорда облысында - 10,7 пайыз яғни 17,6 миллиард теңгеге өскен.

Бөлшек саудада мегаполистердің үлесі елімізде жоғарылап келеді: 2017 жылдың ақпанында 42,8 пайыз, ал бір ай бұрын 42,5 пайыз болған және бір жыл бұрын 41,3 пайыз болған. 

Қазақстандықтардың бір ай ішінде жұмсайтын қаражаты өскен. Ақпан айында бұл сома 56,1 мың теңгеге жетіп, қаңтар айымен салыстырғанда бір мың теңгеге, ал 2016 жылмен салыстырғанда 7,2 мыңға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген (106,2 мың + 3,3 мың қаңтарда), Атырау облысы (68,9 мың + 8,8 мың қаңтар).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети