30 қазан 2014 12:08

Қазақстанның әлемдік экономикадағы өзгерістерге алаңдауына негіз жоқ - Келімбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов. ©ortcom.kz Қайрат Келімбетов. ©ortcom.kz

Қазақстан әлемдік экономикадағы түбегейлі өзгерістерге дайын және девальвацияны қайта өткізуге қажеттілік жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан әлемдік экономикадағы түбегейлі өзгерістерге дайын және девальвацияны қайта өткізуге қажеттілік жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен тағы бір мәлімдегім келеді: біз теледидардан байқап отырған өзгерістер бойынша және 2015-2016 жылдарға қатысты айтылып жатқан болжамдар бойынша алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Валюталық түзету жүргізуге ешқандай себеп жоқ, біз девальвацияны қарастырып жатқан жоқпыз", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Келімбетов Ұлттық банк ақпан айында жүргізген валюталық түзетудің және ел экономикасының беріктік қоры "тіпті 2014-2016 жылдары болатын түбегейлі өзгерістердің өзіне оптимистікпен қарауға" мүмкіндік береді. Ол өзгерістер деп, мұнай бағасының құбылуын, Ресей мен Батыстың санкциялық текетіресін айтты. Оның айтуынша, елдің халықаралық резервтері, тұтас алғанда, 104 миллиард доллардан асып кетеді. 

"9 айдың қорытындысы бойынша бізде, тұтас алғанда, ел резервтерінің 9 пайызға өскенін, жылдың басынан бері алтын-валюта резервтері 10 пайыздан артыққа өскенін, қазан айының қорытындысы бойынша тағы өсімді күтетінімізді айтқым келеді. Барлық жалақорлыққа қарамастан, алтын-валюта резервтері ай сайын ұлғайып отыр. Сол себепті біз алаңдауға еш дәйек көрмейміз", - деді Ұлттық банк басшысы.

Келімбетов болжамдардың бәрі 2015 жылы мұнай бағасының 85 долларға жуықтайтынын көрсетіп отырғанын және бағаның одан әрі төмендеуі де мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, баға орташа есеппен жылына 60-тан 80 долларға дейін ауытқуы мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети