12 маусым 2015 16:43

Қазақстанның бірқатар аймағында жеміс-жидек қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Қазақстанда жеміс-жидек 20 пайызға дейін қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жеміс-жидек 20 пайызға дейін қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандардың ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 2-9 маусымы аралығында бөлшек сауда бағаларының мынадай өзгерісін анықтады:

Астанада өрік 20 пайызға қымбаттап, баға 617-ден 742 теңгеге көтерілді. Мамандар баға көрсеткіштерінің ұлғаюына сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы себеп болды деп отыр. Сонымен қатар, елордада лимон 17 пайызға қымбаттады. Қазір лимонның келісі 568-ден емес 667 теңгеден сатылады. Баға өсімі бағаларды тіркеу күні сатылымда қымбат ірі лимондардың басым болуымен түсіндірілді.

Ал Алматыда алма қымбаттады. Бұрын әр келісі 272-ден сатылған жемістің бағасы қазіргі таңда 309 теңгеге өзгерген. Мамандардың сөзіне қарағанда, өнімнің қымбаттауына сатылымда биыл ерте өсетін қымбатырақ сұрыптардың артуы себеп болды. Сонымен қатар, Павлодар мен Астанада қызылшаның қымбаттағаны белгілі болды. Павлодарда 20 пайызға көтерілген баға 100-ден 120 теңгеге ауыстырылды. Ал Астанада 16 пайызға қымбаттаған қызылшаның әр келісі бұрынғыдай 163 емес - 189 теңге.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети