28 тамыз 2018 13:44

Қазақстан бюджеті долларына 350 теңгеге тең жағдайда есептелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2019 жылға арналған бюджетті қарастыру барысында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 350 теңгеге тең жағдайда есептелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кету керек, алдағы үш жылда мұнай қоспасының құны барреліне 60 доллар болады деп айтылған болатын.

"Сіздер білетін шығарсыздар, біздің индикатор құбылмалы. Дегенмен бізде барлығын қайта қарастырып шығу мүмкіндігі бар. Валюта бағамы жайлы айтатын болсақ, бағам еркін айналымда. Ал бюджетті жоспарлау барысында біз келесі жылы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 350 теңге болады деп есептеп отырмыз", -деді министр.

Айта кетейік, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспарлауға қатысты үкімет отырысы жабық тәртіпте өтті. Бірақ кейінірек министр бюджетте айтарлықтай өзгерістер қарастырылмағанын айтты.

KASE биржасының соңғы мәліметтеріне қарағанда, теңгенің долларға қатысты бағамы 361,22 теңгеге тең болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети