12 мамыр 2014 13:28

Қазақстанның дайын өнім экспорты ұлғайып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Бүгінде Қазақстаннан Ресей мен Беларусқа тасымалданатын дайын тауарлардың көлемі 10 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакеновке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұрын ол көрсеткіш 44 пайыз болса, қазір 54 пайызға дейін өсіп отыр. "Дайын тауарлардың ішінде құбырлар, қаңылтыр, жүк көліктері, подшипниктер, арматура, кондитерлік өнімдер және тағысын тағы. Бүгінде көлік құралдары, пластмасс, тұрмыстық техника және қара металлдан жасалатын тауарлар экспортының артып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн. Қазақстан алғаш рет жеңіл жүк машиналарын Кедендік одақ елдеріне шығара бастады. Бұл тауарлардың экспорты 15 есеге артты", - деді департамент басшысы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қазақстанның Ресей мен Беларусьпен арадағы тауар айналымы 88 пайызға өсіп, 24 миллиард доллардан асты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети