03 сәуір 2015 10:56

Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған ет жоқ - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған ет жоқ деп сендірді ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Бұл туралы ол Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының жиналысына мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ішкі нарық толық. Біреулер неге ана-мына жақтан импортталады дейді... Сөрелерде импортталған ет жоқ - осыны түсіну керек. Егер импортталса, ол технологиялық мақсатта ғана: консервілерге, сосискаларға, шұжықтарға және тағысын тағы", - деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда "ет тым артық", сондықтан біздің тарап экпортқа шығарып жатыр. "Кеше ғана "Үміт" ірі компаниясымен кездестім, олар мәскеулік компаниямен келісімшартқа отырды - айына мың тонна ет, яғни бір жылда 12 мың тонна ет. Дегенмен қазір рубль өте құнсызданып қалды, рубльдің теңгеге қатысы тиімсіз (ресейліктер үшін - Автор.). Бұл тепе-теңдік түзелген кезде ет экспорты одан әрі өседі", - деді Мамытбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети