16 қыркүйек 2015 22:52

Қазақстанның көпшілік айырбас пунктінде евро мен доллар таусылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы мен Астанада және еліміздің бірқатар қалаларында 16 қыркүйектің кешкі жағдайында евро мен доллар таусылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалған айырбас пункттерінде шетел валюталары да таусылуға жақын. 


Алматы мен Астанада және еліміздің бірқатар қалаларында 16 қыркүйектің кешкі жағдайында евро мен доллар таусылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалған айырбас пункттерінде шетел валюталары да таусылуға жақын. 

Мәселен, Алматыдағы "ХАРСАН И ПАРТНЕРЫ" ЖШС, "Лимпопо на Сейфуллина", "РВ" айырбас пункті", "МИГ № 9 ЖШС" айырбас пункттерінде доллар да, евро да жоқ. 

Ал "ТЕҢГЕ-EXCHANGE-2" ЖШС", "REAL EXCHANGE", "ДОСТЫҚ - 248" пункттерінде евро жоқ, ал доллар, сатушылардың айтуынша, "аз ғана қалған".

Соған қарағанда, бұл адамдардың жаппай ұлттық валбтаны өткізіп, шетел валютасын сатып алып жатқанымен байланысты.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Қазақстанда ұлттық валютаның бағамы рекорд орнатты, доллардың құны 300 теңгеден асты. Кейін бағам қайта құлдырады. KASE қор биржасындағы кешкі сессияның қорытындысы бойынша, доллар 284,6 теңгеге бағаланды. Сәрсенбі күні кеште Қазақстанның Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында валюталық интервенция өткізуге шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети