20 желтоқсан 2016 11:28

Қазақстанның Ұлттық банкі валюта нарығында үш ай бойы өктемдік жүргізген жоқ - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылғы қыркүйектен бері үш ай қатарынан Ұлттық банк валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ. Осылайша, реттеуші биржадағы валюталық сауда-саттықтарға өзінің қатысуын 0 пайызға жеткізді. Бұл туралы Астанадағы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2016 жылғы қыркүйектен бері үш ай қатарынан Ұлттық банк валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ. Осылайша, реттеуші биржадағы валюталық сауда-саттықтарға өзінің қатысуын 0 пайызға жеткізді. Бұл туралы Астанадағы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, теңге бағамы қазіргі уақытта оң серпінге ие іргелі факторлардың әсерімен ғана қалыптасады. 

"Ішкі валюта нарығындағыжағдай тұрақты. Ұлттықбанк сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен қалыптасатын іргелі үрдістерге кедергі келтірмейді. Қарашаның соңында теңгенің биржалық бағамы жылдың басынан бері 0,4 пайызға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 341,44 теңгені құрады. Қазіргі уақытта нарықта теңге бағамының күн сайын аздап ауытқуы байқалады", - деді Ақышев.

Ол сондай-ақ, мұнай өндіретін көптеген елдердің мұнай өндіру көлемдері мен әлемдік нарықтағы мұнай құнының өсуін төмендету  туралы уағдаластығынан желтоқсанда теңгенің нығаю үрдісі байқалғандығын айтты.

"Еркін өзгермелі теңге бағамы саясаты резервтерді біртіндеп қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік берді", - деп жалғастырды Ақышев. Ол Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері қарашаның соңына 29,8 миллиард доллар құрағанын хабарлады. Жыл басынан бастап 2 миллиард долларға өсу белгіленді. Ұлттық Банк басшысының түсіндіргендей "алтын валюта резервтерінің көлемдерін ұлғайту негізінен алтын құнының өсуімен, сондай-ақ ішкі нарықта шетел валютасын сатып алумен қамтамасыз етілген".

Бұл ретте, Ұлттық қордың валюталық активтері 61 миллиард доллар құрады. Елдің резервтерінің жалпы сомасы Ұлттық Банктің деректері бойынша, 91 миллиард долларға жеткен немесе ІЖӨ-нің 68 пайызын құраған.

Сонымен қатар, Ақышев Қазақстанда теңгемен салымдар 2016 жылдың басынан бастап шамамен екі есеге өскенін мәлімдеді. Қазақстанда 2016 жылы депозиттер құрылымы өзгерді. Теңгедегі депозиттер 2016 жылғы қаңтардан бастап қараша аралығында алдын ала деректер бойынша 53,2 пайызға өсті, ал шетел валютасында - 10 пайызға төмендеді. 

Ақышевтің айтуынша, осының нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 70 пайыздан 2016 жылғы қарашада 56,7 пайызға дейін төмендеген. Заңды тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері теңесті. Жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасындағы  депозиттердің үлесі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 80 пайыздан 2016 жылғы қарашада 64,4 пайызға дейін төмендеді.

Мұнымен қатар, ол инфляция бойынша  ҚРҰБ деректерін келтірді, оған сәйкес 2016 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша инфляция 1,2 пайыз, ал жыл басынан - 7,5 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети