04 қыркүйек 2014 09:28

Қазақтың жанармайы қайда кетіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Біз мұнайға бай мемлекетпіз. Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қатарына енеміз. Міне, елдегі мұнай қорының көптігіне байланысты осы уақытқа дейін кеудемізді кере мақтандық, масаттандық. Бірақ соңғы кездері «осынша мол мұнай қорымыз бола тұра неліктен үнемі мұнай өнімдерінің тапшылығына ұшыраймыз. Жыл сайын жанармай қымбаттайды. Тапшылық туындайды. Сонда қазақтың мұнайы қайда кетіп жатыр» деген сауал бұқараны жиі-жиі толғантып-ақ жүр. Осылайша бір ғана бензин «безгегінің» айналасындағы қызу талқылаудың екпіні әлі басылар емес. Жыл сайын қайталанатын бұл жайттың бір шешімі болар-болмасына ешбір инстанцияның кепілдік берер түрі көрінбейді. Халық үміт күткен шенді-шенеуніктердің өзі «біреуің жұмысқа апаратын қайырымды көрші тауып алып, сөйтіп, жанар-жағармайды үнемдеңдер» десе, енді бірі – қымбат көлігіндегі жанар-жағармайы әлі таусылмағанын айтып ағынан жарылды. Ал енді қарапайым халыққа, расымен де, қайтпек керек? Болашақта мемлекеттік тұрғыда не істелінуі керек? «Алаш айнасы» осы тұста мәселенің мәнін тағы бір тарқатып көрмек болды.

Химия кірмейді неге миыма?

Ойлап қарасақ, қазір әлем елдерінің басым бөлігінде мұнайдан кір жуғыш заттары, әртүрлі пластикалық заттар, кеңсе заттары, үй жиһаздарына дейін алынады. Мұнай химиясын жетік меңгерген елдер шикі мұнайды терең деңгейде ұқсатып отыр. Ал біз шикі мұнайды сыртқа сатқанымызға ғана мақтана аламыз. Бүкіл әлем қазірде мұнай шикізатынан алынатын өнім көрсеткішін 92-94 пайызға дейін жеткізуге талпынып жатыр. Біз, керісінше, өндіретін мұнайдың 90 пайызын шикі күйінше экспорттаудамыз. Ал мамандар бұл әрекеттің кері әсері бұдан әрі де тереңдей түсетінін айтуда.

Хакім Суербаев, химия ғылымының докторы, профессор:

– Бүгінде біз мұнай шикізатының аз ғана бөлігін мотор отындары мен дизельді отын ретінде қолданамыз. Оның өзінде отандық тұтынушыларды аталмыш өнімдермен толықтай қамтамасыз етуге қабілетіміз жеткіліксіз. Қазір бірқатар әлем елдері моторлы отындарға қатысты Еуро-5 стандартына еніп кетті. Өкінішке қарай, Қазақстан бұл межеде әлі Еуро-2 стандартына иек артып отыр. Мұның өзі біздің мұнай өңдеу саласының кенжелеп қалғандығын айғақтап тұр. Негізінен, дамушы және дамыған елдерде мұнай өңдеу зауыттарының қасында міндетті түрде мұнай химия өндірісі болады. Осы өндіріс орындары арқылы олар мұнайдан қосалқы өнім алады. Ал біздегі Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары тек қана мотор отындарын шығарып отырғанның өзінде халықты сапалы жанар-жағармаймен, дизельді отынмен қамтамасыз ете алмай отыр. Талдап айтатын болсақ, жалпы мұнай өңдеудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар: біріншіден, айдау, крекинг, риформинг, гидрокрекинг, гидротазалау және басқалар. Мұнайдан бізде, негізінен, бензин, керосин, дизель отыны, мазут алынады. Біз осы мазутқа дейін өнім аламыз да әрі қарай қазбаламаймыз. Ең өкініштісі, бізде мұнай қоры көп бола тұра біз бензинді, дизель отынын, ұшақтарға қажетті отынды, жағармайларды көршілес Ресей елінен импорттаймыз. Қанша байлығымыз бола тұра өзгенің өніміне көз сүзіп жалтақтаймыз. Міне, осы мәселелерді шешу үшін тез арада мұнай химиясын жетілдіруді қолға алғанымыз жөн. Әрине, бұл үшін біраз уақыт кетер, десек те, химия кірмейді менің миыма деген енжарлықтан арылатын уақыт жетті. Өзгелер химиялық жолмен мұнайдан неше түрлі өнім алып жатқанда, біздің бір ғана жанар-жағармай ала алмауымыз өте қынжыларлық нәрсе. Мұнай химиясына бойлап ену үшін бұл үрдісті үйренетін кезең әлдеқашан жетті.

Шетелдіктер тәсілді біледі, бірақ үйретпейді

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, біздің мұнайымыздың бір ерекшелігі, мұнайымыздың құрамында күкірт қосылыстары көп. Осы жағынан алғанда мұндай мұнайды өңдеп одан өнім алу күрделілек. Бұған қоса, біз табиғи газға бай елміз. Біздің газымыздың басым көпшілігі мұнайымызға ілесіп шығады. Өкініштісі, қазірде осы мұнаймен ілесіп шығатын ілеспе газды ұқсату жағы да бізде өте төмен. Бұған қатысты мамандар «тек қана пайда табуды көздейтін шетелдік алпауыттар бұл жерде қазақтың мұнайын ғана емес, газын да ысырап етіп отыр» дейді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети