14 тамыз 2015 16:40

Кедендік бақылау доғарылғаннан кейінгі бір күн ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Grani.lv © Grani.lv

Кедендік бақылау доғарылғаннан кейінгі  бір күн ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан экономика министрлігіне сілтеме жасап.


Кедендік бақылау доғарылғаннан кейінгі  бір күн ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Сегіз өткізу бекеті арқылы 120 көлік Қазақстанға, ал 70 жүк көлігі Қырғызстанға өтті. Қырғызстан экономика министрлігі бұл көрсеткіш Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіргенге дейінгіден екі есе үлкен екендігін хабарлады.

Ведомстводағылардың мәліметінше, бекеттердегі бақылау қарапайым режимде жүріп жатыр. Тек кедендік бақылау ғана доғарылды. Коммерциялық тауарлары бар жүк көліктері мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы арнайы талон алуы керек. Тағам өнімдері бар көліктер фитосанитарлық және ветеринарлық бақылаудан өтеді. Шекараны кесіп өтетін адамдар ғана қалағандарынша жүк алып өте алады.

Айдың соңына дейін барлық бекеттерде Қырғызстан экономика министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 12 тамызда ашылды. Шекараны ашу туралы өкімді Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев телекөпір арқылы шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети