Келімбетов девальвацияның екінші толқыны жайлы қауесетке түсінік берді

02 Маусым 2014, 13:12
0
Келімбетов девальвацияның екінші толқыны жайлы қауесетке түсінік берді - Қайрат Келімбетов. ©Ярослав Радловский
Қайрат Келімбетов. ©Ярослав Радловский

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов девальвацияның екінші толқыны туралы қауесетке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ешқандай девальвация болмайды, мұның бәрі - қаңқу сөз. Еске салайын, 2009-2014 аралығындағы бес жыл бойы мұндай қауесеттер жылына 13 реттен туындап келеді, өйткені арбаушылар бар. Бұған ешқандай негіз жоқ, бүгінде мұнай бағасы жоғары, ресейлік рубль нығайып келеді. Тіпті, ол белгілі бір деңгейде құнсызданғанның өзінде одан біз қорықпаймыз. Біз бұл жағынан жеткілікті деңгейде берікпіз деп есептеймін", - деп мәлімдеді Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Ол халықтың айырбас бағамына қатысты алаңдауына себеп те, негіз де жоқ екенін атап өтті. Еске салайық, өткен аптада доллар бағасының 185 теңгеге дейін қымбаттауына байланысты қазақстандықтар девальвацияның екінші толқынынан қауіптеніп, шетел валютасын көбірек сатып ала бастағаны хабарланған еді. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай