Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері Ұлыбританиядағы референдумға қатысты пікір білдірді

24 Маусым 2016, 16:58
0
© REUTERS
© REUTERS

Қазақстандағы валюта және ақша нарықтары салыстырмалы түрде тұрақты болып қалып отыр. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде референдум жарияланған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі референдум бойынша жағдайды және референдумның нәтижелері бойынша күтулердің әлемдік қаржы және тауар нарықтарына әсерін жете қадағалауда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ретте ол "Қазақстанның валюта және ақша нарықтарындағы ахуалдың салыстырмалы түрде тұрақты" екендігін атап өтті. Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша АҚШ долларының теңгеге қатысты орташа бағамы 340,07 деңгейінде қалыптасты. Кешегі күнмен салыстырғанда әлсіреу 1%-ға жуық болды. "Қазіргі уақытта ҚҚБ күндізгі сессиясындағы ағымдағы сауда-саттық теңгенің шамалы нығаюын көрсетіп отыр. Ұлттық Банк ақша нарығында жаңа ақша-кредит саясатына өткен сәттен бастап алғаш рет алты айлық ноттарды жоспарлы түрде орналастырды", - деп түсіндірді Пірматов.

2016 жылғы 23 маусымда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде елдің Еуроодақтың құрамынан шығуы туралы референдумның өткені белгілі. Алдын ала нәтижелер бойынша Еуроодақтан шығу үшін жалпы дауыстың 51.9 пайызы дауыс берді.

Болжамдарға сәйкес, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы шешімі нарықтардағы құбылмалылықтың айтарлықтай өсуіне алып келді. Мәселен, фунттың АҚШ долларына қатысты ең көп әлсіреуі 11 пайыздан асты. Brent маркалы мұнайдың бағасы кешегі күнмен салыстырғанда 5 пайызға төмендеді. Ресей рублінің әлсіреуі шамамен 3 пайыз болды.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы ахуал мен Қазақстанның нарықтарына ықтимал әсер ету мониторингін жалғастырады", - деп қорытындылады Ұлттық Банк басшысының орынбасары.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай