23 қыркүйек 2014 17:20

Қырғызстанның Кеден одағынан бас тартуы ел экономикасын құлдыратады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қырғызстан Кеден одағына енуден бас тартқан жағдайда ел экономикасының даму қарқыны күрт төмендейді. Бұл туралы 23 қыркүйек күні елдің экономика министрі Темір Сариев Қырғызстан парламентінде Кеден одағына қосылу туралы заң жобасы талқыланған кезде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстан Кеден одағына енуден бас тартқан жағдайда ел экономикасының даму қарқыны күрт төмендейді. Бұл туралы 23 қыркүйек күні елдің экономика министрі Темір Сариев Қырғызстан парламентінде Кеден одағына қосылу туралы заң жобасы талқыланған кезде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, Кеден одағы елдері кедендік бақылауды күшейтеді, содан кейін өнеркәсіп орындары мен фермерлер сауда нарығынан айырылады, жұмыссыздық күшейеді, мемлекеттік бюджетке түсетін салық еселеп азаяды. Депутаттар алдында заң жобасын қорғаған министр Қырғызстан Кеден одағына мүше болғаннан кейін елде азық-түлік бағасының қымбаттайтынын айтты. Оның айтуынша, бұған ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің Кеден одағы елдеріне экспортталуы себеп.

Сариев Қырғызстанның Кеден одағына мүше болуы бюджет қызметкерлеріне де ауыр тиетінін айтты. Бірақ оның айтуынша, бұл қиындықтар уақытша, кейін өнеркәсіп өндірісі, сауда және ауыл шаруашылығы саласында өсім байқалады.

"Біз шекеміз шылқып өмір сүреміз демейміз. Әлемде жағдай күрделі, қазір экономикалық дағдарыс. Бірақ экономикаға зиян келетін болса, Қырғызстан Кеден одағынан шығады. Ұйымнан шығу тетіктері бар", - деді Сариев.

Еске сала кетейік, Қырғызстан бұған дейін 2015 жылдың қаңтарына қарай Кеден одағына мүше болуға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Оған дейін ел парламенті ондаған заң жобасын қабылдап, республика заңнамаларын Кеден одағы регламентіне сәйкестендіруі тиіс.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети