Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Қызылорда балығына шет елдерден сұраныс артты

11 Ақпан 2014, 16:14
1
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Жыл өткен сайын Қызылорданың балығына шет елдерден сұраныс артып келеді. Тек өткен жылы ғана Кедендік одаққа мүше елдерді айтпағанда, алыс және жақын шет елдерге 411 тонна мұздатылған балық пен балық филесі экспортқа шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжановтың айтуынша, соңғы үш жылда балық аулау көлемі 30 пайызға өскен. Былтыр бекітілген балық аулау лимитінің көлемі 6226 тоннаны құрады. Бұл республика бойынша жалпы балық өнімдерінің 9 пайызын құрайды. Балық аулау мерзімі әрбір жылдың ақпан айының соңына дейін созылады.

Облыс әкімінің тапсырмасымен балықтың өңделмей сыртқа шығарылуына тосқауыл қойылған еді. Соның арқасында балық шаруашылығын дамытудың арнайы консорциумы да құрылған болатын. Оған 19 шаруашылық, ғылыми-зерттеу институты және өзге де құрылымдар енген. Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328,8 гектар), Сырдария өзені (820 шақырым) және жергілікті маңызы бар 166 су айдыны (45,6 мың гектар) кіріп отыр.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай