18 ақпан 2014 | 12:22

Қызылордада күріш кластерін дамытуға мән берілуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

©dic.academic.ru ©dic.academic.ru

Қызылорда облысында күріш кластерін дамыту жобасы қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мақсатта облыстың Жалағаш ауданында орын тепкен "Жалағаш элеваторы" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі сатып алынды. Соның нәтижесінде аталмыш кәсіпорын "Агрохолдинг "Байқоңыр" ЖШС болып қайта құрылды. Былтыр кәсіпорын арқылы жергілікті диқандардан 2,5 мың тоннаға жуық күріш сатып алынды. Сондай-ақ, қаржылық қиындыққа тап болған 9 шаруашылыққа егін жинау жұмыстарына 94,2 млн. теңге шамасында алдын-ала ақша берілді. Бұл бұрнағы жылдарда кездесетін делдалдардың диқандардан арзан бағамен күріш сатып алуына тосқауыл қойып, бірқатар құрылымдардың жағдайын жақсарта түсті. Үстіміздегі жылы элеватор кешені қызметін жандандыруға мән беріліп отыр. Бұл мақсатта облыстық бюджет есебінен 300 млн. теңге қаралды. Сонымен қатар, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңарту және қаржылық айналымын ұлғайту мақсатында "Қазагроқаржы" АҚ-на "Жалағаш элеваторын жаңғырту және облыста күріш кластерін дамыту" инвестициялық жобасы ұсынылған еді. Жоба бойынша тартылатын қаражаттың ішінде 2 036,1 млн. теңгесі серіктестіктің айналым қорын толықтыруға және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бағытталатын болады. Қалған бөлігіне жабдықтар мен техникалар алуға жұмсалады деп жоспарланып отыр. Жоба бойынша элеватор кешеніне лизингілік негізде қуаттылығы сағатына 10 тонна күріш ақтауға мүмкіндік беретін Оңтүстік Корея елінде жасалған зауыт алу көзделген. Бұл жоба "Қазагроқаржы" АҚ тарапынан мақұлданды. Бұрынғы жылдарда облыстың кейбір диқандары өз өнімдерін делдалдарға арзан бағамен өткізуге мәжбүр болып келді. Ендігі кезекте мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу ескеріледі. Аталмыш жобаның аясында сатып алынатын күріштің көлемін 40 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар. Қазіргі таңда 3 шаруашылықпен жалпы құны 520 млн. теңгеге жуықтайтын 13 мың тонна күріш сатып алу жөніндегі келісім-шарттар жасалды. Келісім-шарт негізінде оның 70 млн. теңгесі шаруашылықтарға күріш тұқымын және минералдық тыңайтқыштар сатып алуына берілді. Сондай-ақ, тағы да 12 шаруашылықпен 29,9 мың тонна күріш сатып алу жөнінде жалпы құны 1196,4 млн. теңге құрайтын алдын-ала келісімдер жасалуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети