12 наурыз 2014 11:17

Қызылордада күріш көлемі 2,6 мың гектарға ұлғайтылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©newage.biz ©newage.biz

Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында 160,4 мың гектарға егіс орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 82,6 мың гектарды құрайды. Басты дақыл – күріш егісінің көлемі былтырғы жылдан 2,6 мың гектарға ұлғайтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл күріш егісіне 19,6 мың тонна күріш тұқымы қамбада дайын тұр. Қазіргі уақытта қолдағы тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 55 мың тонна минералдық тыңайтқыш қажет етіледі. Оның ішінде азот тыңайтқышы 46,3, фосфорлы тыңайтқыш 8,7 мың тонна керек. Облыста биылғы жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының суару нормалары және суару каналдарының пайдалы әсер коефициентіне сәйкес тұрақты суаруға орташа есеппен алғанда 4,0-4,1 млрд текшеметр су қажет делінеді. Қазір "Шардара" су қоймасында 4,1 млрд. текшеметр су жиналған. Осы күндері су қоймасынан төменгі бөлікке секундына 1 мың текшеметр су тасталуда. Оның 500 текшеметрі "Көксарай" су реттегішіне бөлінсе, қалған бөлігі Қызылорда облысының қажеттілігіне жеткізіледі. Мамандар бұл су мөлшері аймақ диқандарының судан тапшылық көрмеуіне барлық мүмкіндік туғызатынын айтады. Ағымдағы жылы облыстың егіншілік саласын қолдауға 3,6 млрд. теңге субсидия бөлініп отыр. Дегенмен, үстіміздегі жылы елімізде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамының өзгеруіне байланысты облысқа өзге өңірлерден жеткізілетін минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтердің орташа бағасы 20-25 пайызға қымбаттады. Сол себепті аталмыш қажеттіліктерді субсидиялауға барлығы 212,6 млн. теңге қосымша қаржы қажет етіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети