04 ақпан 2014 14:45

Ілеспе газды ұқсата алмауымыз газ тапшылығын еселейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Мұнай және газ министрлігі "2024 жылдарға қарай елімізде газ тапшылығы туындайтынын болжап отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ретте аталмыш ведмоство басшысы Ұзақбай Қарабалин "Газды айналмалы жүктеу көлемінің өсімі Қазақстанда 2024 жылға қарай газ тапшылығына әкеліп соқтыруы мүмкін" деді. Оның сөзіне қарағанда, бұған газды кері айдау көлемінің артуы себеп болуда. Атап айтсақ, Қазақстанда өндірілетін газдың 90 пайызы ілеспе газ болып табылады. Қазіргі кезде мұнайдан өндірілетін сол ілеспе газдың бір бөлігі, яғни шамамен 30 пайызы жер қабатындағы қысымды сақтау үшін кері айдалады. "Міне, осылайша газды кері айдау тәсілі өнім тапшылығын тудырады" дейді Ұзақбай Қарабалин. Ал елдегі газ тапшылығының туындауына қатысты болжам турасында мамандарымыз "Біздің мұнайымыздың бір ерекшелігі, мұнайымыздың құрамында күкірт қосылыстары көп. Осы жағынан алғанда мұндай мұнайды өңдеп одан газ алу күрделілек. Біздің газымыздың басым көпшілігі мұнайымызға ілесіп шығады. Қазірде осы мұнаймен ілесіп шығатын ілеспе газды ұқсату жағы да бізде өте төмен. Елде газды ұқсату үшін алдымен күкірт қосылыстарын Клаус тәсілімен арылтып элементті күкіртке айналдыру керек. Ал алынған элементті күкіртті сатылымға шығарғанмен қазір еш пайда жоқ. Әлемдік нарықта бүгінде элементті күкірттің бағасы тым төмен. Сондықтан тек қана пайда табуды көздейтін шетелдік алпауыттар бұл жерде қазақтың мұнайын ғана емес, газын да ысырап етіп отыр" дейді. Әрине, қазірде Құмкөл кенішінде ілеспе газды тазарту, оны өнім ретінде пайдалану жүзеге аса бастады. Бірақ көп кеніштерде ілеспе газ ашық аспанда еш пайдаланылмай жанып жатыр. Газдың бұлай ашық аспанда жануы экологиялық тұрғыда өте зиянды. Жалпы, өзге елдер осы мұнай-газ саласына айрықша назар аударады. Ілеспе газды соңына дейін өңдеу әдісіне бүгінде Германия, Израил тәрізді елдер қатты назар аударуда. Көршілес Ресейдің өзінде тек қана осы мұнай-газ химия өнеркәсібіне қатысты мамандар дайындайтын арнайы жоғары оқу орындары бар. Біз тек осы салаға қатысты бірді-екілі факультеттер ашумен ғана шектеліп отырмыз. Ол факультеттердің өзінде мұнай-газ химиясын тереңдетіп оқытпайды. "Сондықтан мәселеге ғылыми-кәсіби тұрғыда мән бермесек, газ тапшылығы өзекті мәселеге айналуы мүмкін" дейді мамандар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети