11 ақпан 2014 17:39

Маңғыстау облысының әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев. ©primeminister.kz Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев. ©primeminister.kz

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ұлттық валютаның девальвациясына байланысты азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуді тапсырды, деп хабарлайды Lada.kz. Облыс әкімі шұғыл аппарат жиналысын өткізіп, азық-түлік тауарларының бағасына, қызметіне бақылау жүргізуді тапсырды. Айдарбаев бағаны тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қолдануға шақырды. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрінің бағасының өсіп кетуіне шектеу қоюға ерекше назар аударды. Тапсырманы бақылау облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетоваға жүктелді. Осыдан бір-екі сағат бұрын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те өзінің орынбасарларына дәл осындай тапсырма берген болатын. Бірақ ірі сауда орындары импорт тауарларының бағасын қайта қарап шықты. Техниканың құны шамамен 20 пайызға өсті. Кейбір автоделдалдар көліктердің бағасын жаңа айырбас бағамы бойынша есептеп, қайта санап шықты. Демек автосалондарда баға ұлттық валюта бойынша қойылды. Девальвация туралы жаңалық бүгін жария етілді. Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейде ұстап тұрудан бас тартқанын хабарлады. Ведомстваның болжамына сәйкес, енді жаңа бағам бойынша бір долларға 185 теңге төңірегінде ұсталатын болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети