17 наурыз 2014 11:46

Монополистер халық алдында жыл сайын есеп беруге міндеттеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.©inform.kz Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.©inform.kz

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тариф белгілеудің ашықтығына, реттелетін қызметтер сапасын арттыруға және қаражаттың діттеген мақсатына пайдалануға бақылауды күшейтуді көздейтін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Заң жобасы біріншіден – әкімдердің есеп берулері сияқты жария тыңдауларды және монополистердің жыл сайынғы міндетті есептерін өткізуге қатаң талаптар қоятын болады. Сосын электрмен жабдықтау бағалары өзгерген жағдайда жария тыңдаулар өткізуді ұсынамыз. Екіншіден – монополистер сатып алатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағаларының жүйеленген тізбесін әзірлеу арқылы сатып алу ашықтығын арттыруы тиіс", деді Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Мәжілістегі Үкімет сағатында. Оның айтуынша заң жобасында реттелетін нарық субъектілеріне және табиғи монополия субъектілеріне алдын ала төлемақы алуға тыйым салу көзделеді. Бұдан бөлек, қызметке қосу кезінде монополистер келтіретін кедергілерді жою қарастырылады. "Бұл үшін монополистерге веб-сайтта желілер мен жабдықтар жұмысының шамадан тыс көптігі, қуаттардың болуы және желілердің өткізу қабілеті туралы ақпаратты тоқсан сайын орналастыруға қосымша міндеттер енгізу ұсынылады", - дейді агенттік басшысы. Сонымен қатар, ведомство қоғамның тарифтік процестегі рөлін күшейтуге бағытталған жұмысын да жандандырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети