28 қараша 2014 12:52

Мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мұнай шығару үлесін төмендетпеу туралы шешіміне сәйкес, мұнайдың әр баррелі 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Forex Club компаниясының сарапшы тобы осылай санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мұнай шығару үлесін төмендетпеу туралы шешіміне сәйкес, мұнайдың әр баррелі 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Forex Club компаниясының сарапшы тобы осылай санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания "мұнайдың құлдырайтын" дәуірі келіп жеткенін атап өтті. "ОПЕК жалғыз ықтимал шешімді қабылдады - ол мұнай бағасының арзандауы соншалық, АҚШ жобаларының жартысын ықшамдауына мәжбүр болғанын, немесе Қытай мен еуроаймақтың тоқыраудан шығып, беталысын күшейткенін күту. Қойылған талаптар бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы кедергілерге байланысты жуық айларда барреліне 66,50 доллардан 60 долларға дейін түсуі ықтимал", - дейді Forex Club сарапшысы.    

"Дәл қазір ең негізгі мәселе мұнайға қойылатын бағаның шектеулі болғандығында. Көптеген мұнай өндіруші елдер өздерінің ішкі қаржы мәселелеріне байланысты шығатын мұнайдың көлемін төмендетуге дайын емес (Венесуэладағы, Нигериядағы, Эквадор мен Ресейдегі жағдай сияқты). Біз тек картельдер ғана емес, бұл нарықтағы барлық ойыншылар туралы айтып отырмыз, енді Венесуэла мен Ресей арасында болған жағдайға қатысты келіссөздер жүргізіледі деген әңгіме айтылып жүр. Бұдан басқа, Иран мен Ливия бұл нарыққа енді ғана қайта оралды, олардың әлеуеті тіпті бұрынғы дәрежесіне жетіп үлгерген жоқ", - деді топтың аға сарапшысы Алена Афанасьева. 

Оның айтуынша, тұтыну көлемі бұлайша төмендей берсе, Еуропа мен Азияның даму қарқыны күмәнді болмақ. "Бұл нарықтағы үлесі үшін күрес. Сауд Арабиясы болсын және өзге де ойыншылар болсын өз квоталарын азайтқысы келмейді, себебі өнім көлемін алты есеге еселеген АҚШ олардың орнын баса ма деген қорқыныш бар. АҚШ-тың қазіргі мұнай бағасы қолайлы және баррель 60 долларға түскен күннің өзінде сол баға сақталады", - дейді сарапшы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети