29 қыркүйек 2015 14:42

Мұнай бағасына қатысты сұрақ Қарабалиннің есіне "Анна Каренинаны" түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин. © primeminister.kz ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин. © primeminister.kz

Астанада KAZENERGY X Еуразиялық форумы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол KAZENERGY Қауымдастығының, инженерлік академия мен CNPC Қытай мемлекеттік мұнай корпорациясының бірлесуімен ұйымдастырылған.


Астанада KAZENERGY X Еуразиялық форумы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол KAZENERGY Қауымдастығының, инженерлік академия мен CNPC Қытай мемлекеттік мұнай корпорациясының бірлесуімен ұйымдастырылған.

Форумның бірінші күнінде энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинның қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында журналистер Қарабалинге Қазақстан мен Қытай алдағы уақытта мұнай бағасы төмендей берсе қолға алынатын сценарийді жасады ма деген сұрақ қойды. Оған жауап ретінде вице-министр Лев Толстойдың "Анна Каренина" шығармасынан үзінді келтірді:

"Белгілі классикалық шығарма бар, онда былай делінеді: "Барлық бақытты отбасы бірдей бақытты, бірақ әрбір бақытсыз отбасы өзінше бақытсыз". Бәлкім тура айтпаған шығармын, бірақ мағынасы осындай. Егер алдағы уақытта мұнай бағасы төмендей беретін болса қандай шара қолданамыз деген мәселені біз қытайлық тараппен бірлескен кәсіпорындарымыз бар жерде ғана талқылаймыз. Ал негізінен әркім өзінше ойлайды, әркім өз білімін, шамасын қолданады. Бүгінгі таңда мұнайдың түрлі бағасына байланысты қосымша нұсқасыз компания жоқ шығар", - деді ол.

Оның түсіндіруінше, басты мақсат - сол компаниялардың қысқарып қалуына жол бермеу.

"Біз қытайлық тараппен бірлесіп жұмыс істейтін компанияларда шығын максималды түрде қысқарған, оның арасында күрделі қаржы жұмсауды қию да бар. Мұндай жағдайдағы кез келген мұнай компаниясының классикалық әрекеті осындай. Классикалық түрде істелмей отырған жалғыз нәрсе, біз кез келген елдің бізде жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларын қызметкерлерді қысқартпауға шақырып жатырмыз. Сонымен қатар, жалақыны төмендетпеуге. Ол жай нәрсе емес. Себебі жалақы қоры өзіндік құнның зор үлесіне ие, бірақ біздің қытайлық әріптестеріміз барлық өтініштеріміз бен тапсырмаларымызды бұлжытпай орындап отыр. Қазіргі таңда қысқарту жоқ. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында да қысқарту жоқ. Сондықтан бізде шамамен 490 қысқарту болды, оның бір бөлігі NCOC-ты қайта құруға байланысты, жалпы қазіргі жағдайда 0,4 - өте жақсы көрсеткіш", - деді ол.

Айта кетейік, ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов қол қойылған меморандумдар туралы сұраққа жауап беріп, ол да қытайлардың мақалын келтірді: "Мыңдаған ли жол бірінші қадамнан басталады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети