15 қазан 2014 17:16

Мұнайдың бағасы қинап тұрғанын қарашы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Лондон биржасында кеше Brent маркалы мұнай барреліне 84,63 доллар болса, бүгін ол бірден 81,84 долларға төмендеді. Сол-ақ екен, бірқатар халықаралық сарапшылар экономикасы мұнайға байланған елдердің болашағына болжам жасай бастады. Тіпті Қазақстан-Ресей нарығының жайын бақылап, бағдарлап отыратын Renaissance Capital ақпараттық қаржылық орталығы «мұнай бағамы 80 доллар болып түзілетін болса, Қазақстанның ұлттық банкі теңгені 15,5 пайызға құнсыздандырып, бір долларды 220 теңге етуге мәжбүр» деген болжамдарды да тартты.

Жалпы, мамандардың пайымдауынша мұнай бағасының арзандауына ұсыныстың артып, сұраныстың төмендеуі тікелей ықпал еткен. Мысалы, халықаралық энергетика агенттігі «2014 жылы әлем бойынша тәулігіне 92,4 млн баррель мұнай тұтынылады» деген болжам жасаған. Бірақ бұл болжам дөп келмей, сұраныс күрт төмендеген. Алаш айнасына пікір білдірген мамандардың да пайымдауынша, мұнай бағасының төмендеуіне бірден-бір ықпал етіп отырған фактор осы.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:

- Мұнай шығаратын елдердің өнімді шамадан тыс көп өндіруі, мұнайдың әлемдік тұтыну қорының тұрақты болжанбауы мәселені осыған әкеп тіреді. Мысалы, халықаралық энергетикалық агенттік «әлем бойынша тәулігіне 92,4 млн баррель мұнай тұтынылады» деп болжады. Артынан аталмыш агенттік бұл деңгейді 1,3 млнға дейін түсірді. Ал күні бүгін мұнай бағамы 81, 84 доллар болған тұста агенттік бұл көрсеткішті 700 мыңға дейін түсіріп отыр. Осылайша ұсыныстың артып сұраныстың төмендеуі мұнай бағамының күрт арзандауына әкеліп соқтыруда. Бір ғана қыркүйек айында нарыққа сатылымға шыққан мұнайдың көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 миллион баррельге артық. Қазір мұнай өңдеуші елдердің барлығы шикі мұнайды көптеп сатуды ғана ойластырып отыр. Соның ішінде біздің Қазақстан да мұнай экспортын жыл сайын ұлғайтуда. Осылайша шикі мұнайды ауқымды көлемде экспорттай берудің соңы осыған апарып соқтыруда. Ал кеше ғана ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндіріс көлемін төмендетуді қарастырмайтынын мәлімдеді. Егер жағдай осылайша орын алып ОПЕК ірі көлемде мұнай экспорттаушы елдерге өндіріс көлемін төмендетуді, мұнай өңдеуді белгілі бір көлемде шектеуді нықтап міндеттемесе, онда мұнай бағасы одан әрі төмендей түседі. Ал бұл әлем үшін қауіпті жағдай. Сондықтан ОПЕК мұндайға жол бермейді деп жорамалдау керек.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети