19 мамыр 2016 18:10

Назарбаев Ақышевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевпен кездесті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевпен кездесті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық банктің 2015 жылдың есебін тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін инфляциялық тұрақтандыруды қамтамасыз етудің, ұлттық валютаның айырбас бағамының шұғыл ауытқуын болдырмаудың және екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелеуін белсенді етудің қажет екенін атап өтті.

Данияр Ақышев өткен жылдың қазақстандық экономика үшін күрделі болғанын, осыған байланысты ақша-кредит саясатының түбегейлі өзгеріске түскенін атап өтті. Ал 2016 жылы валюталық, ақша және жалпы қаржы нарығында тұрақтандыру элементтерінің бақыланып отырғаны айтылды. Ұлттық банктің төрағасы таяу мерзімде халық үшін және кәсіпорындар үшін жағымды нәтижелердің күтілетінін, несиелеу деңгейінің жоғарылайтынын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети