30 қыркүйек 2014 18:20

Назарбаев Ресейге жаңа кен орындарын бірігіп іздестіруге ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews © мұрағатынан алынды Тengrinews © мұрағатынан алынды

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейді мұнай мен газдың жаңа кен орындарын бірігіп іздестіруде белсенділік танытуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан. Бұл туралы Елбасы Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ХІ ықпалдастық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді. 


Нұрсұлтан Назарбаев Ресейді мұнай мен газдың жаңа кен орындарын бірігіп іздестіруде белсенділік танытуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан. Бұл туралы Елбасы Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ХІ ықпалдастық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді. 

"Біз мұнай мен газдың жаңа кен орындарын іздестіруде белсенділік танытуымызға болады. Мәселен, Қазақстан халықаралық "Еуразия" жобасын іске асыруды қолға алғалы отыр. Ол жобаны Каспий маңында, яки Қазақстан мен Ресей территориясы шектесетін аумақтарда да жүзеге асырсақ болады. Өз кезегінде бұл жоба ең ірі халықаралық мұнай компанияларын қызықтыруда. Сол себепті бұл жобаға Ресейдің қатысуына болады", - деді Назарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, көмірсутегі саласын игеруде екі елдің де мүмкіндігі зор. "Бұл жайында бүгінгі көрмеде мамандар да айтқан еді.  Мұнай өндіру, қатпарлы мұнайды өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуіміз керек. Осының барлығын есепке ала отырып, көмірсутек саласында зор табысқа кенелуіміз мүмкін. Бірлесіп жасаған еңбегіміз, серіктестігіміз арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізе алатынымыз анық. Одан бөлек қазақстандық компаниялар ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, жоғары технологиялы қондырғыларды шығаруға ұсыныс та жасай алады", - деді Назарбаев.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети