Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

"Нұр Отан" тарифтерді көтеру себебін түсіндіреді 18 наурыз 2014, 11:54

"Нұр Отан" партиясы коммуналдық тарифтерге қатысты толыққанды ақпарат тарататын "Айқын тариф" жобасын қолға алмақшы.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото kn.kz сайтынан Фото kn.kz сайтынан
"Нұр Отан" партиясы тарифтердің өсуі жөнінде халықты жан-жақты хабардар ететін "Айқын тариф" жобасын іске қоспақшы, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия төрғасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап. "Қазіргі кезде халықты тарифтерді белгілеу мәселесі жиі мазалайды. Ондайда ел азаматтары коммуналдық төлемақылардың өсуін инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарымен байланыстырмай жатады. Осы мәселені шешу үшін біз "Айқын тариф" жобасын іске қосып отырмыз. Ол тарифтердің өсуін жан-жақты түсіндіріп, ақшаны тиімді жұмсауға үйрететін болады", - деп атап көрсетті Үкіметтің бүгінгі отырысында Б.Байбек. Оның хабарлауынша, тарифпен бірге халық мемлекеттік органдардың жұмысы жайында, сондай-ақ сан алуан қолдау шаралары туралы білмей жатады. "Партияның қоғамдық қабылдау бөліміне түскен арыз-шағымдардың дені осыны көрсетіп отыр. Халық, көп жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары, оны қалайша қолдану қажеттігін де білмей отырады", - деді Б.Байбек.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram