29 тамыз 2014 10:13

Оралдың жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Оралда 28 тамыз күні күндіз жанармай құю бекеттерінде шақырымдарға созылатын кезек пайда болды, - деп хабарлайды "Мой Город" және "Уральская неделя" басылымдары. Көлік отыны тек бірнеше бекетте ғана талонсыз сатылды. Сол себепті ол бекеттердің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Кейбіреулер кезекке таң қылаң бергеннен тұрған.


Оралда 28 тамыз күні күндіз жанармай құю бекеттерінде шақырымдарға созылатын кезек пайда болды, - деп хабарлайды "Мой Город" және "Уральская неделя" басылымдары. Көлік отыны тек бірнеше бекетте ғана талонсыз сатылды. Сол себепті ол бекеттердің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Кейбіреулер кезекке таң қылаң бергеннен тұрған.

"Мен үш сағат бойы кезекте тұрмын. Менде талон жоқ, мына адамдардың бәрінде талон жоқ, бірақ жанармайды сататын шығар деп үміттенеміз. Кезекте тұрғанда бір жігіттер АИ-92 бензиніне 200 теңгеге талон сатып алуды ұсынды, егер жағдай өзгермесе, амал жоқ, аламыз", - дейді жүргізушілердің бірі.

"Жеріміздің астының бәрі байлық, мұнай мен газға бай елде жанармай тапшы. Бұл масқара ғой. Мен бағаны Ресеймен бірдей деңгейге жеткізгелі жатыр деп естідім. Әуелі жалақыны көтерсін", - дейді тағы бір жүргізуші. 

"Дүрлігу қолдан жасалды деп есептеймін. Бізді жанармайдың қымбаттауына осылайша әзірлеп жатыр әдейі", - дейді күйеуімен бірге кезекте тұрған Ольга.

"Бәріне үкімет пен мемлекеттік сатып алулар кінәлі. Биыл бізде Ресейден отын әкелуге квота аз деп естідім, ал көліктердің саны көбейіп жатыр, сондықтан квотаны арттыру керек. Негізі, Қазақстанда жанармайды көп өндірген дұрыс", - дейді келесі бір жүргізуші.

 

Монополияға қарсы аймақтық инспекцияның мәліметінше, қалада 11 май құю бекеті бар, оның бензинді еркін түрде сатып жатқандары тек Нelios, "Алим", "Орал Жаңа ойл" және "ҚазМұнайГаз". Бірақ "Мой Город" басылымының хабарлауынша, бұл бекеттерден жанармай сатып алу өте қиын.

Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетиканы дамыту бөлімінің бастығы Қансұлу Өтепқалиеваның айтуынша, дүрлігу мен ұзын-сонар кезекті тұрғындардың өзі туғызып отыр. "Бәрі артық қор алып қойғысы келіп жанталасады, жүргізушілер бекеттерден бір күндік жанармай қорын бір-ақ алады және бұл отын құю уақытына сәйкес келеді, яғни жанармай тасушы көлік келмейінше, оларға күтуге тура келеді, осы кезде жүргізушілер арасында толқу пайда болады. Оның үстіне, әбігерге жанармай бағасының қымбаттауы да әсер етті, ал саудада жанармай бар", - деді ол журналистерге.

Өтепқалиеваның мәліметінше, бүгінде АИ-92 маркалы бензиннің қоры - 1087 тонна. Тағы 15 вагон отын Тұзтөбе (Соль-Илецк) маңында тұр, олардың әрқайсысына 60 тонна тиелген. "Уральская неделя" басылымының хабарлауынша, мамандар жанармай тапшылығының қараша айына дейін созылатынын айтып отыр, себебі Ресейдің бізге жақын мұнай өңдеу зауыттарында жанармайды жіберу жөніндегі сауда тек екі айдан соң өтеді, ал қазақстандық зауыттар ішкі нарықты қанағаттандырарлық көлемде жанармай өндіре алмайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети