17 қараша 2014 20:32

Осы аптада алтынның бағасы өзгермейді – сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Альпари" компаниясы инвестициялық департаментінің жетекші сарапшысы Леонид Матвеев осы аптада алтынның бағасы өзгермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Альпари" компаниясы инвестициялық департаментінің жетекші сарапшысы Леонид Матвеев осы аптада алтынның бағасы өзгермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сарапшы атап өткендей, өткен аптада алтынның бағасы тройск унциясына  1132-1193 доллар шамасында болды. Матвеев осы аптада да алтын саудасы осы бағаны ұстанады деп есептейді. 

Сондай-ақ, сарапшы Қазақстан Ұлттық банкі дамушы елдер арасында алтын сатып алудан екінші орында екенін айтты. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Ұлттық банк халықаралық резерв құрамында 28 тоннаға алтын қорын толықтырды. Үшінші тоқсанда алтын сатып алуда Ресейдің олрталық банкі көш бастап тұр, Олар 55 тонна алған.  Басқа орталық банктермен салыстырғанда Ресейдің еншісіне 59  пайыз тиді. Қазақстан Ұлттық банкінен кейінгі орында Әзірбайжанның Орталық банкі, (7 тонна),  Маврикия (2 тонны) және Тәжікстан (1 тонна).

"Дамыған елдер алтын сатып алуды қойды, қайта сатып жатыр. Ал дамушы елдер алтын қорын көбейтуде. Мұндай елдерге Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия,  Түркия, Ресей жатады", - дейді Матвеев. 

Дүниежүзілік алтын кеңесінің статистикалық көрсеткіштеріне сәйкес, 2014 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда үшінші тоқсанда  алтынға деген сұраныс 2,91 пайызға төмендеген (929,3 тонна). Сұраныстың төмендеуі технологиялық және инвестициялық салада байқалады. Ал зергерлік бойынша көрсеткіш 4,14 пайызға өскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети