09 наурыз 2016 17:12

Осы аптада доллар бағамы 330 теңгеге түсуі мүмкін - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Егер мұнай бағасы барреліне 42-43, 50 долларға көтерілсе, қазақстандық валюта долларға қатынасында 330 теңге көрсеткішіне жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметов айтты. Оның айтуынша, жалпы алғанда ұлттық валютаның орташа өлшемді бағасы долларға қатынасында 330-340 теңге аралығында болады екен. 


Егер мұнай бағасы барреліне 42-43, 50 долларға көтерілсе, қазақстандық валюта долларға қатынасында 330 теңге көрсеткішіне жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметов айтты. Оның айтуынша, жалпы алғанда ұлттық валютаның орташа өлшемді бағасы долларға қатынасында 330-340 теңге аралығында болады екен. 

Сарапшының айтуынша, өткен аптада АҚШ доллары индексінің айтарлықтай әлсіреді, бұл шикізат котировкаларының өсуіне себеп болды. "АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша жұмадағы мәліметі сарапшылар күткеннен айтарлықтай жоғары болды, АҚШ-та жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны 242 мыңды құрады, ал сарапшылар 190 мың деп болжаған еді. Жұмыссыздық деңгейі сол күйінде қалды - 4,9 пайыз. Сонымен қатар, көбісі АҚШ Федерал жүйесінің басшысы Джаннет Йеллен наурыз айының ортасында өтетін кезекті жиында негізгі қорлар бойынша пайыз мөлшерлемелерін көтереді деп күтіп отыр. Бұл болжамдар инвесторларды АҚШ-тың ірі компанияларының акцияларын сатып алуға күмәнмен қарауын мәжбүрлеп отыр", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, ол соңғы күндері қазақстандық валютаның долларға қатынасында орташа есеппен 10 теңгеге қымбаттағанын айтты. "Алдағы уақытта ЕОБ мен Жапония Банкінің отырысы өтеді, олар экономиканың әрмен қарай ынталандыру туралы және мөлшерлік жеңілдету бағдарламасының кеңеюі туралы мәлімдеуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде мұнай мен теңге үшін жағымды жағдай жасауы мүмкін. Соған қарағанда, мұнай барреліне 42-42,50 долларға дейін көтеріледі", - деді сарапшы. 

Ал "Альпари" аға сарапшысы Анна Бодрова алдағы жұмыс аптасы мереке болғандықтан валюта нарығы үшін өз ішінде қалыптасқан тенденциялармен өтетінін айтып отыр. Осылайша, доллар/теңге 342-345 аралығында саудаланады екен. Еуро-теңге 372-400 көрсеткішінде болады. Рубль/теңге 4,65-4,75 дәлізінде саудаланады, - дейді Бодрова.

Айта кетейік, теңгенің долларға қатысты бағамы 9 наурыздағы KASE күндізгі сессиясында 344,77 көрсеткішінде саудаланды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети