23 қазан 2014 20:07

Павлодар мұнай-химия зауыты жыл аяғына дейін 5 миллион тоннадан артық мұнай өңдейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар мұнай-химия зауыты. Фото © oilnews.kz Павлодар мұнай-химия зауыты. Фото © oilnews.kz

2014 жылдың аяғына дейін Павлодар мұнай-химия зауыты 5 миллион тоннадан артық мұнай өңдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Николай Дычконың сөздеріне ілтеме жасап.


2014 жылдың аяғына дейін Павлодар мұнай-химия зауыты 5 миллион тоннадан артық мұнай өңдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Николай Дычконың сөздеріне ілтеме жасап.

Кәсіпорын бұған дейін жоспарланған 4,9 миллион тонна көлемді 5,05 миллион тоннаға өсіруді қосымша жеткізілетін мұнайдың есебінен жүзеге асырмақ. "Басында 2014 жылғы жоспар 2013 жылғы қайта өңдеу көлемінен аз болатын. Басты мәселе облыстан тыс, алыста орналасқан кәсіпорындармен алыс-беріс сұлбасы бойынша шикізат жеткізіліміне байланысты еді. 4,9 миллион тонна меже ретінде қойылған, бірақ бұл былтырғы жылғы деңгейден кем. Үкіметтің жоспарына осы мәселе егізіліп, оны игердік. Енді, қазір жеткізіліп жатқан ресейлік алыс-беріс мұнайын ескере отырып, жыл аяғына дейін Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай өңдеу көлемі 5,05 миллион тоннаға дейін өседі деген сенімділік бар", - деді Дычко.

Оның айтуы бойынша, ПМХЗ-ға қосымша жеткізілетін мұнай мұнай өнімдерінің тапшылығын азайтады. Айта кетейік, шикізат жеткізілуі көлемінің төмендеуі салдарынан бұған дейін Павлодар мұнай-химия зауыты өндіріс көлемін азайтқан болатын. Туындаған жағдай аймақтағы жанар-жағар май құю стансаларын бензин және дизельдік жанармаймен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізді. Жанармай тапшылығына жол бермес үшін облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрлігіне жер қойнауын пайдаланушылардың "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-не кепілді түрде ай сайын шикі мұнай жеткізіп беріп отыруларын ұйымдастыруға көмек көрсетуін өтінген. Ақыры қосымша жеткізілімдер туралы келісім жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети