02 ақпан 2014 12:51

Павлодардың бас жоспары қайта қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

westside.kz сайтынан westside.kz сайтынан

Павлодар қаласының басжоспары өзгереді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев жаңа құрылыс нысандары салынатын жерлерді белгілеу үшін Павлодардың басжоспарына түзетулер енгізуді тапсырды. "Павлодар қаласының басжоспарын қайта қарау үшін жұмысшы топтарын құру керек. Басжоспарда негізінен аса ірі жобаларға назар аударылуы тиіс. Біз қай шағын ауданға жаппай құрылыс жұмыстарын жүргізетінімізді анықтап алу үшін әуелі жылу, су құбырлары, электр қуаты секілді резервтердің жеткілікті болуына мән беруге тиіспіз. Бізге түрлі әлеуметтік нысандар, сапалы инфрақұрылымдар орналастырылатын тұрғынжайлар керек", – деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев қала территориясында құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы жиында. Облыс басшысы қала, аудан территорияларында жүргізілетін құрылыс жұмыстарына кешенді түрде кірісу керектігін алға тартты. Қала құрылысының нормалары мен заңдылықтарын сақтай отырып, жобада жаңа технологияларды қолдану мен енгізу қажеттігін, қала құрылысы мен жоба нысандарының құжаттарын уақытылы әзірленуін, инженерлік дайындық пен құрылысқа қолайлы жағдай туғызудың маңыздылығын әкім баса айтты. Сондай-ақ әкім Қанат Бозымбаев өзінің қоластындағылардан құрылыс жұмыстарының жүру барысын нақты кесте бойынша жүзеге асуын және "Алюминқұрылыс" шағын ауданындағы тұрғын үйлер құрылысының нақты аяқталатын уақытын белгілеуді талап етті. "Қала тұрғындарына құрылыс бітетін уақытты нақты айту керек" – деді Қ.Бозымбаев. Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылдың жазында Павлодар қаласының басшылығы "Алюминқұрылыс" шағын ауданындағы 153 үйден екіқабатты 5 үйді бұзып тастаған еді. Сол кезде бірден көпқабатты үйлердің құрылысы басталып та кеткен. Үйлердің құрылысы үстіміздегі жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Ал әзірге жаңа шағын аудан салу мәселесі шешіле қойған жоқ. Алдын ала жүргізілген есеп бойынша жаңа тұрғын үй массивіне 40 млрд теңге қаржы қажет екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети