Qazkom мен Халық банкі келісімшарт бойынша меморандумға қол қойды

02 Наурыз 2017, 16:49
0
Qazkom мен Халық банкі келісімшарт бойынша меморандумға қол қойды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2017 жылдың 2 наурызында "Қазақстан халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанк" арасында ҚКБ акцияларының бақылау пакетін сатып алуға қатысты Өзара түсіністік бойынша міндетті күші жоқ меморандумға қол қойылды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының үкіметі, Ұлттық банк, "Қазкоммерцбанк",  Халық банкі, "БТА Банк" АҚ және ҚКБ-нің ірі акционері Кеңес Рақышев меморандум тараптары болып келеді.

"Меморандум бойынша келісім жасалуы мүмкін делінген шарттар және тараптардың аталған істі жүзеге асыруға әрекеті анықталады. Соның ішінде, ККБ-дан "БТА Банк" АҚ алған қарызына қатысты қауіптер де жасалуы мүмкін деген келісімге кіреді", - дейді банк өкілдері.

"Қазкоммерцбанк" өкілдері меморандумның міндетті күші жоғын, яғни, келімішарт жасалмағанын атап өтті. 

Еске салайық, қаңтардың жиырмасында Qazkom Халық банкімен келіссөз жүргізе бастағанын мәлімдеген болатын. Келіссөздер қандай мәселеге қатысты екені айтылмаған еді. Кейін Халық банк өкілдері Qazkom банкімен келісімшарт жасалуы мүмкіндігі жайлы пікір білдірген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай