Ресей Қазақстанға 19 тонна поляк ірімшігін өткізбей қойды

08 Мамыр 2015, 14:43
0
Ресей Қазақстанға 19 тонна поляк ірімшігін өткізбей қойды - @REUTERS
@REUTERS

Ресей ауылшаруашылық басқармасының мемлекеттік ветеринарлық кедендік бақылау бөлімінің қызметкерлері Ресей мен Латвия шекарасындағы Бурачки бекетінде Қазақстанға тиісілі поляк ірімшігін өткізбей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасз қызметіне сілтеме жасап.

Транспорттық көлікте 19,5 тонна өнім болғаны белгілі болды. Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметінің хабарлауынша, ірімшік басқа бекет арқылы өткізілуі керек болған. Сонымен қатар, ведомство өкілдерінің айтуынша, тасымалдаушыда ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау комитетінің рұқсат қағазы болмаған. "Тауар Польшаның Ресей Федерациясы арқылы экспорттауға арналған ветеринарлық сертификатымен жіберілген. Дегенмен осы тауарды импорттауға ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау комитетінің рұқсат қағазы болмай шықты", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде ірімшік Польшаға қайтарылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай