31 шілде 2014 17:49

Ресей олигархтарының елінен жаппай кетуі қазақ олигархтарына төнген қауіп пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бүгіндері Ресейдің бай-манаптары шетелге жаппай ағылуда. Өйткені олар Путиннің саясаты кесірінен банкрот боламыз деп қорқады. «Алаш айнасы» басылымы бұл фактордың қазақ олигархтарына ықпал етуі мүмкін бе деген сауал төңірегінде жауап іздеп көрмекші...


Бүгіндері Ресейдің бай-манаптары шетелге жаппай ағылуда. Өйткені олар Путиннің саясаты кесірінен банкрот боламыз деп қорқады. «Алаш айнасы» басылымы бұл фактордың қазақ олигархтарына ықпал етуі мүмкін бе деген сауал төңірегінде жауап іздеп көрмекші...

Жыл басынан бері Ресейден шетелге 200 мыңға жуық бай қоныс аударған екен. Бұл – ресми дерек. Ал бейресми жағынан алғанда, бұл цифр тағы да толыға түсері хақ. Негізінен, басқа елге жол салушылар – осы күнге дейін тірнектеп жинаған капиталын жоғалтып алудан қатты қауіптенетін бизнесмендер екен.

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов ресейлік бизнесмендердің сыртқа ағылуы заңды құбылыс екендігін айтады. Себебі бизнес деген кез келген тірі ағза секілді өзіне жайлы, дамуына ыңғайлы жерді іздейді. «Сондықтан бизнестің бүгіндері экономикалық шектеулерге ұрынған Ресейден «жер аударуы» түсінікті нәрсе. Лондонда орыс және қазақ олигархтары мол деген фактіні баспасөз беттерінен көзіміз шалып қалып жатады. Демек, Ұлыбритания бизнес үшін жақсы жағдай жасап отыр: Ресейге, Қазақстанға қарағанда ол ара қауіпсіз әрі тұрақты. Бізге осы жағынан үлгі алу керек, яғни саясат пен экономиканы, нарықтық қарым-қатынастың аражігін бізге әбден ажыратып, арасын алшақтату қажет», - дейді саясаттанушы.

Сол секілді саясаттанушы Нұрлан Сейдін бұған алда артуы ықтимал салық түрлері де ықпал еткен болуы керек деп санайды.

– Санкция күшейіп, ел экономикасы құлдыраса, Ресейде, біріншіден, тиімді бизнес жүргізу мүмкін болмай қалады. Екіншіден, қаржылық ресурсқа зәру кезде мемлекеттің халық мойнына қамыт кигізетіндігі белгілі. Осы жағынан алғанда, Ресейде алда жеке мүліктерге, жекеменшік нысандарына салынатын салықтың пайызы күрт артуы мүмкін. Бұл да активі қомақты бизнесмендерді шошытарлық құбылыс, – дейді ол.

Маман айтқандай-ақ, бүгіндері Ресейде түрлі салық көлемін арттыру туралы ұсыныстар қазірден көтеріліп, қарастырылып жатыр. Мысалы, соңғы кездері мұнда баспаналар жаппай сатылымға қойыла бастаған. Өйткені енді Ресейде жеке үйіңнің болғанынан болмағаны жақсы сынды жағдай орын алмақшы. Нақтырақ айтқанда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай баспана салығы 3 есеге өсірілмекші. Мәселен, біздің валютаға шаққанда баспананың 1 шаршы метріне төленетін салық көлемі шамамен 10 мың теңгені құрамақшы. Егер 130 шаршы метр үй-жайыңыз болса, онда мемлекетке жылына 130 мың теңге төлейсіз дегендей. Бұл жайт Ресей қоғамында дүрбелең туғызып, көп адам үйін жаппай сатылымға қоя бастаған. Ақыры бұл мәселе РФ үкіметі назарына ілігіп, олар аталған салық түрін енгізу мерзімін бір жылға шегеретіндіктерін таяуда жариялауға мәжбүр болған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети