03 ақпан 2015 18:12

Ресейден импортталатын тауарларға уақытша шектеу қою ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото georgia-news.org сайтынан алынды Фото georgia-news.org сайтынан алынды

Павлодар облысының басшылығы Ресейден әкелінетін тауарларға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты облыс әкімдігі Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жеткізді. 


Павлодар облысының басшылығы Ресейден әкелінетін тауарларға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты облыс әкімдігі Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жеткізді. 

Нарықта ресейлік арзан тауарлардың қаптап кетуіне байланысты өндірістік кәсіпорындар қиын жағдайға тап болғаны белгілі. "Қазақстандық тауармен қамтамасыз етушілер ресейлік бәсекелестерінің тауардың белгілі бір түрлерінің бағаларын біздікіне қарағанда 30-60 пайызға дейін арзандатып беруіне тап болды. Бұл жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне теріс әсер етеді", - деп түсіндірді Ресейден импортталатын тауарларға тыйым салу туралы ұсынысын облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.

Ол мысал ретінде жабылудың аз-ақ алдында тұрған павлодарлық картон-рубероид зауытын келтірді. "Біздің нарыққа ресейлік рубероид өнімі келе бастады, олардың бағасы Павлодар картон-рубероид зауытынан шығатын ұқсас өнімнің бағасынан 40-60 пайызға арзан. Өндіріске толықтай тоқтап қалу қаупі төніп тұр", - деді Тұрғанов. Оның айтуынша, бұл аймақтағы ірі кәсіпорындардың өзі Ресейдің күрт арзандаған тауарына бәсекелес бола алмайды. 

"Ресейлік тауарлардың импортына тыйым салуды немесе шектеу қоюды ұсынамыз, Қазақстандағы мұқтаждықты отандық тауармен қамтамасыз етушілер жаба алады. Болмаса, Ресейдің қазақстандық тауарлардың кейбіріне сәтті қолданып отырған тарифтен тыс демпингке қарсы бақылау шараларын бізге де енгізуді ұсынамыз", - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, Ресейден импортталатын тауарларға техникалық және экологиялық қосымша талаптарды қоюға болады. Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев бұл жағдайдан шығудың жолдары қарастырылып жатқанын айтты. "Жұма күні Премьер-министр Мәскеуге барып, Дмитрий Медведевпен кездеседі. Ол жерде Кеден одағы туралы сөз болады, біз осы жерде бөлек кездесу ұйымдастырып, біздің нақты сұрақтарымызды талқылаймыз. Біз өнімді қорғау туралы талқылауымыз керек, біз қандай шара қолдана аламыз, олар қандай шара қолдана алады және біз не бере аламыз. Ол жақта тауардың кейбір түрлеріне өз еркімен шектеу қою туралы алдын ала айтылып жатыр. Олар бұл жағдайдың біз үшін оңай емес екенін түсінеді", - деп жауап берді Сағынтаев.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети