Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресейдің Қазақстан алкоголін шектеуі Кеден одағы нормаларына қайшы

22 Қыркүйек 2014, 14:18
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Ресейдің Қазақстан алкоголін әкелуге шектеу енгізуі Кеден одағы нормаларына қайшы келеді. Tengrinews.kz тілшісіне "ҚазАлко" қауымдастығының басшысы Әміржан Қалиев осындай пікір білдірді.

"Бұл Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік қағидаларына тікелей қайшы. Үш ел одағының негізгі қағидасы - тауарлар мен қызмет түрлерінің еркін айналуы. Ал Қазақстаннан бес литрден артық алкоголь әкелуге шектеу енгізу бұған қайшы келеді", - деді Қалиев.

Ол акциздерде айырма бар екеніне келіседі. Бұрын Қазақстанда арақ өнімдерінің акцизі Ресейдегіден төрт есе аз болды. 2014 жылы елімізде акциздер көтеріліп, Ресейдегіден 2,5 есеге ғана аз деңгейге жетті. "Олар да жыл сайын акциздерді көтеріп жатыр, біз оларды қуып жете алар емеспіз. Олар акциздерді өз деңгейлеріне дейін көтеруді талап етеді, бірақ бұл біздің жағдайымызда мүмкін емес. Егер біз акциздерді олардың деңгейіне жеткізсек, онда бізде арақтың жарты литр бөтелкесінің құны 560 теңгенің орнына 1500 теңге болады. Бұл халықтың табысына сәйкес келмейді, біз ресейліктердің қателігін қайталаймыз - арақты қолдан жасау, спирті бар техникалық сұйықтықтарды тұтыну, контрафактілік өнімдердің көбеюі белең алады. Біз оны қаламаймыз", - деді Қалиев.

Оның айтуынша, бұл мәселе Үкіметте және Парламентте бірнеше рет көтерілді. Мәселе Ресеймен бірге де талқыланды. Қазақстан алдағы үш жылда акциздерді көтеру жоспарын қарастырып отыр. 2015 жылы акциздер құны 20%-ға, 2016 жылы 30%-ға көтеріледі. "Дегенмен 2020 жылы біз бәрібір Ресейдегі деңгейге жете алмаймыз. Біз жүзпайыздық спирттің литріне 12-13 евро деген бағамен тоқтауды ұсынамыз. РФ спирттің бір литріне 23 евро деген баға енгізгісі келеді", - дейді қауымдастық басшысы.

"ҚазАлко" басшысы қалыптасқан ахуалға Ресейдің алкогольді реттеу жөніндегі федералдық қызметінің шектеуші кедергілері кінәлі деп есептейді. "Біз олардың нарығына заңды түрде еніп, акциздерді төлей алар едік, бірақ өз алкоголь өндірушілерінің мүддесі үшін олар бұған жол бермейді", - дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, Ресейде Қазақстаннан және Беларусьтен жеке мақсатқа алкоголь әкелуге шектеу енгізу қарастырылып жатыр. РФ Қаржы министрлігі бес литрден артық алкогольдің бажсыз енгізілуіне шектеу қоймақшы. Бұған себеп - акциз мөлшері аз Қазақстаннан алкогольдің заңсыз келуі. Алкоголь өндірушілердің мәліметінше, РФ нарығында заңсыз өнімдердің үлесі - 50 пайыз. Ресейде спирт шикізаты айтарлықтай қымбат, сол себепті Қазақстан арағының өзіндік құны ресейлік өнімге қарағанда, бірнеше есе аз. Ал Әміржан Қалиев екі елдің арақ өнімдерінің өзіндік құны бірдей екенін айтады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай