15 қыркүйек 2014 16:35

Ресейге салынған жаңа санкциялардың Қазақстанға қандай ықпалы бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Өткен жұма күні Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар легін жариялады. Бұдан былай еуропалық компанияларға Ресейге мұнай өндіру және барлау қызметін ұсынуға тыйым салынады. Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік банктеріне несие алуға шектеу де күшіне енді. "Роснефть", "Транснефть", "Газпром нефть", "Оборонпром", ОАК, "Уралвагонзавод" компаниялары да санкциялар қаһарына ілігіп отыр. Бұған қоса Ресейдің ірі инвесторларына Еуропа 30 күннен артық мерзімге несие бермейтін болды. Нақ осындай мерзімде несиені жаңа құнды қағаздармен, акциялармен, басқа да қаржы құралдарымен сатып алуға да тыйым салынды. Айта кету керек, бұған дейін несиелер мен құнды қағаздарға қатысты шектеулер болмаған болатын.

Ал енді бұл жаңа санкциялардың әсері қандай болмақ? Көршілес және одақтас ел ретінде бұл санкциялардың бізге ықпалы бар ма? "Алаш айнасы" арнайы осы ретте мамандарға сұрау салып көрді.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:

– Еуропа Ресейдің мемлекеттік банктеріне қарыз беруді 90 күннен 30 күнге шектеді. Санкциялардың қатарына Ресейдің ірі қаржы институты – «Сбербанк» те қосылды. «Сбербанк» - қазақстандық нарықта өте табысты әрі жақсы жұмыс істеп тұрған банк. Енді басқалар сияқты ол да акция құны мен қарыз алуда жапа шегеді. Айта кетер жайт, бұл банктер санкция салынбаған басқа нарықтарға барса да шығынға батады. Сондықтан уақыт өте келе «Сбербанктің» Қазақстандағы жұмысына да бұл санкциялар кері ықпал етеді. Сондықтан болашақта Ресей банктерінің жұмысы баяулай бастайды. Тағы бір айта кететін мәселе, қазірде Еуропа Ресейдің энергетикалық секторына қарсы нақты-нақты батыл санциялар қолдана бастады. Бұдан байқайтынымыз, қаржыдан тарыққандықтан біраз уақыттан кейін Ресейдің мұнай өндіру саласында өсім азаяды. Осыдан кейін Ресей сыртқа шығатын мұнай өнімдерінің бағасын қымбаттата бастайды. Ал мұның арты біз Ресейден алатын жанар-жағармай өнімінің қымбаттайтынын көрсетеді. Біз, негізінен, 40 пайызға жуық жанармайды Ресейден тасымалдап, сол арқылы ішкі нарығымызды қамтамасыз ететінімізді ескерсек, мұның да біздегі баға саясатына әсер етіп, елде жанармай бағасын өсіретіні даусыз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети